Асфоделалар тұқымдасы

Асфоделалар тұқымдасы
Бүл түқымдасқа 46-50 туыс, 1400-1450-дей түрі жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы (эремурус – Егешигш) – ланцет тәрізді ұзын жапырақтары топтасып жертаған түзетін (прикорневые розетки) өсімдік.
 
Осы жапырақтарының ортасынан биіктігі 0,5-2м. болатын, жалғыз атпасабақ кетеді (цветочные стрелки). Ол әдетте үлкен, өсімдікке ерекше көрік беріп түратын шашақ төрізді гүлшоғырымен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш (эремурус мощный – Е.гоЪшІш) деген түрдің шашағыңда 800-дей гүл болады. Шырыштардың БОР-дың оңтүстік аудаңдарында (негізінен Орта Азияда) 23-түрі, ал Қазақстанда 13 түрі өседі. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде мөдени жағдайға ендірілген.
Алоэ туысы (Аіое) осы тұқымдастың ішіңде ерекше орын алады. Оның 250-дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан түрады, көп жағдайда құстармен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе жүзжылдық. (алоэ древовидное, или столетник -) — көпжылдық мөңгі жасыл шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жететін). Жапырағы өте жуан, етженді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау-сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақта А.өте сирек гүлдейді жүзжылдық («столетник») деген аттың өзі соған байланысты қойылған. БОР-да сөндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мөдени жағдайда Закавказьеде өсіріледі.
Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталынатын қою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жагады. Халық медицинасында алоэның жапырағын және одан алынатын шырынды дөрі ретінде әртүрлі сыртқы және ішкі ауруларға пайдаланады.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 2579 Загрузок: 4 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: