Балықтардың қоректенуі

Балықтардың қоректенуі
Балықтардың қоректік заттары алуан түрлі болады. Олар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері тек қана өсімдік тектес, кейбір түрлері жануар тектес, үшінші тобы аралас қоректік заттармен қоректенеді. Балықтарды жыртқыштар және жыртқыш еместер деп бөлу шартты емес. Өйткені олардың корегінін, түрі жыл маусымына, су қоймасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
 
Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарға қызыл қанаттар (Sсагdіnius), маринка (Sсһіzоtһогах) және храмлалар (Vагісогһіnus) жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Әйткенмен, барлық балықтардың шабақтары планктондармен қоректенеді де, даму стадиясының белгілі бір кезінде қоректік заттардын, өзіне тән түріне ауысады (бентос, нектон, планктон) т. б. Жыртқыш балықтардың шабақтары өзінің даму стадиясының белгілі бір мезгілінде балықтармен қоректенуге көшеді. Мысалы, шортан шабақтарының денесінің ұзындығы 25—33 миллиметрге, ал көксерке шабағынық ұзындығы 33—35 миллиметрге жеткенде балықтардың шабақтарына шабуыл жасап, жыртқыштыққа ауысады.
Балықтардың қоректерінің алуан түрлі болуына байланысты олардың ауыз аппаратының кұрылысы да түрліше болады. Жыртқыштықпен тіршілік ететін балықтардың ауызында ұшта-ры артына қарай иілген өткір тістері болады. Скаттар мен химералар су түбіндегі сырты сауытпен немесе қабықпен қапталған омыртқасыздармен қоректенетіндіктен, олардың тістері жалпақ пластинка тәрізді болады. Маржан полиптермен қоректенетін кейбір балықтардың тістері күрек тіс сияқты болады. Кейде олар бірімен-бірі бірігіп кетіп, өткір кескіш тұмсыққа айналып кетеді.
Кәдімгі жак тістерінен баска, кейбір балықтарда жүтқыншақ тістері де болады. Ол тістері желбезек доғаларының іш жағына орналасады. Мұндай тістер карп тұқымдас балықтарда түрі өзгерген төменгі артқы желбезек доғаларына орналасқан. Оларды төменгі жұтқыншақ тістері деп атайды. Бұл тістер ауызға түскен қоректерін бас сүйегінің ми бөлімінін астыңғы жағына орналасқан мүйіз тәрізді алаңға салып үйкеп ұсақтайды, оны тиірмен тас деп атайды. Губан (LаЪгісdае) балықтарының аузында төменгі және жоғарғы жұтқыншақ тістері болады, олар қорегін екі тістің арасына салып ұсатады. Жұтқыншақ тістері бар балықтардың кәдімгі жақ тістері нашар дамыған, немесе мүлдем болмайды. Егер жақ тістері болған түрлерінде тек кана қоректерін қармауға және ұстап тұруға көмектеседі.
Қоректерінің сипатына қарай, балықтардың тістерінің құрылысы ғана өзгеріп қоймай, бүкіл ауыз аппаратының құрылы-сы да өзгеріп отырады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі. Олардың негізгілері:
1. Қармалағыш ауыз. Қоректерін аузымен ұстайтын балықтардың жақ сүйектерінде, көбінесе желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болумен қатар аузы кең болады. Аузының құрылысы осындай болатын балықтарға: шортан, көксерке, жайын т. б. жатады.
2. Планктонды жеуге икемделген ауыз. Үлкендігі орташа, тістері аз немесе тіпті болмайды. Желбезектерінің жапырақтары ұзын, сүзгінің қызметін атқарады. Оларға сигам және майшабақтар т. б. жатады.
3. Сорғыш ауыз. Бұлардың аузы түтік сияқты болады. Ұсақ планктондармен, су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенгенде сорғыш түтіктің қызметін атқарады. Бұған тыран, теңіз инесі сияқты балықтардың аузы мысал бола алады.
4. Бентос жеуге икемделген ауыз. Скаттың, камбаланың, бекіре балықтарының аузының құрылысы мысал болады. Ауыздары су түбінен қоректерін алуға ыңғайланып, басының астыңғы жағына орналасқан. Кейбір түрлерінің аузында, қатты сауыттар мен қабыршақтарды ұсатуға бейімделген, тиірменнің тасы тәрізді күшті тістері болады.
5. Семсер тәрізді жақты ауыз. Ауыздың мұндай түріне саргандар, аратұмсықтылар және ара тұмсықты акулалардың ауыздары жатады (Веіопdіае, Ргізtіз, Ргізtіорһогиs). Ауыздың басқа көптеген типтері бар. Бірақ олардың барлығын айтудың кажеті жоқ. Тіпті систематикалық жағынан өте жақын балықтардың қоректену тәсіліне, қорегінің сипатына қарай ауыз аппараты түрліше болып келеді.
Ішектерінің ұзындығы қоректік заттарының түріне қарай ор түрлі болады. Жыртқыш балықтардың ішектері қысқа, қарыны үлкен әрі жақсы жетілген болады. Аралас қоректермен немесе өсімдік тектес азықпен қоректенетін балықтардың ішегі керісінше ұзын, қарыны нашар жетілген, немесе тіпті болмайды.
Балықтардың қоректерін ұстау тәсілдері де түрліше болады. Көпшілік жыртқыштар басқа балықтарды немесе тірі организмдерді ашық су айдынынан қуып жүріп ұстайды. Оларға акула-лар, көксерке, аққайрандар жатады. Ал кейбір жыртқыш балықтар тасалау жерде андып тұрып, қасынан өтіп бара жатқан организмдерді тап беріп ұстайды. Егер алғашқы ұмтылғанында ұстай алмаса соңынан қуаламайды. Ондай жыртқыштарға — шортандар, Жайындар мысал болады. Насекомдармен қоректе-нетін брызгун (Тохоtіез jасиlаtог) жағалаудағы шөптерге қонып отырған насекомдарға, аузы арқылы күшті екпінмен шығатын суды бүркіп жіберіп, оларды суға кұлатып түсіріп қоректенеді.
Су түбінде тіршілік ететін кейбір балықтар — су түбіндегі корыстарды, ылайды қазып, арасынан қоректерін теріп жейді. Мысалы, карптар су түбінің топырағының 15 см, ал тыран 5 см тереңдігінен қоректерін қазып алып жейді, ал алабұға топырақтың үстінде жатқан жемді алуға әдеттенбеген. Электрлі угрлардың қорегін аулауынын, өзіндік ерекшелігі бар. Олар қорегін ұстамас бұрын организмінен бөлінетін электр зарядтарымен әлсіретіп алады. Өйткені ірі формалары денесінен 300 вольтқа дейін электр тоғын бөледі.
Балықтардың коректену қарқыны жыл маусымдарының және тіршілік циклдерінің ішінде түрліше болады. Көпшілік балықтар уылдырық шашу кезінде қоректенбей күшті арықтайды. Мысалы, атлантика лососының салмағы 30 процентке дейін кеміп кетеді. Сондықтан уылдырық шашу процесі аяқталғаннан кейін балықтар қомағайланып, өте қарқынды қоректенеді. Оны организмнің жоғалтқан салмағын қалпына келтіру кезеңі дейді.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 4059 Загрузок: 4 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: