Балықтардың тегі және эволюциясы

Балықтардың тегі және эволюциясы
Балықтардың тегі. Балықтардың қабыршақтарының және тікендерінің қалдығы силурдың жоғарғы қабатында кездеседі. Төменгі девон кезінде түрлі топтарға жататын, бірнеше балықтардың калдығы табылған. Сөйтіп, балықтар силур дәуірінің аяқ кезінде пайда болуы мүмкін.
 
Демек, олардың тектері бізге белгісіз, балықтардың тегі осы кезге дейін анықталған жоқ. Дегенмен палеонтологиялық мәліметтер болмағанымен оны белгілі дәрежеде теориялық жорамалдармен толықтыруға болады. Теориялық болжау бойынша, балықтар бас сүйексіздермен бірге бір ата тектен тараған.
Бұлардың ұрпақтары екі бұтакқа бөлініп, олар әр түрлі эво-люциялық өзгерістерге ұшыраған. Болжаумен айтқанда, бірінші ретте пайда болған бас сүйектілерден (Ргоіосгапіа) екі үрімбұтақ тараған: 1) Жақсыздар (Аgпаtһа — ЕпtоЬгапсһlаtа), 2) жақты ауыздылар (Gпаstһоmаtа — ЕсttоЬгапсһtа). Бірінші tбұтақтан сауыттылар мен дөңгелек ауыздылар пайда болған, екіншісінен — балықтар мен жоғарғы сатыдағы омыртқалылар шыққан.
Кейбір ғалымдар (Л. С. Берг, Ромер және Гров, Уитсон) балыктар теңіздерде пайда болған жоқ, алғашқы балықтар тұщы суда пайда болған және негізгі теңіз балықтарының топтары тұщы су балықтарынан келіп шыққан деп дәлелдейді. Төменгі девон дәуірінде балыққа ұқсас сауыттылар (Оsігасоdіегmі) класына жататын балықтардың қалдығы та-былған. Бұлардың денесі сауытпен қапталған, сондықтан са-уытты балык деп атаған.
Балықтардың ертерек дамыған топтары девон дәуірінің орта кезінде табылған сауытты балықтар болуы мүмкін. Олардың скелеттері негізінен шеміршектен қалыптасқан. Бірақ жақтары сүйекті және денелерінің сырты сүйекті қабыршактармен жабылған. Қос қанаттары бөлімдерге жіктеліп, сүйекті пластинкалармен қапталған. Олар тас көмір дәуіріне дейін тіршілік еткен.
Нағыз шеміршекті балықтар (Сһопdrісһthуеs) девон дәуірінен бастап белгілі болған. Бүлар бірнеше класс тар-мағынан құралған. Оның денесі бірімен-бірі жанасып жатқан сүйекті пластинкалармен жабылған ұсақ тұщы су балығы (Асапthodii) арқылы қарастырамыз. Олардың қанаттарының түбі жалпақ, сол сияқты көкірек және құрсак қанаттарының аралығында бірнеше қосымша ұсак қанаттары да болған, жақ шеңбері бірнеше бөліктерге бөлінген.
Алғашқы акулалардың (Ргоsеіасһіі) девонның соңғы кезіне дейін тіршілік еткен өкілі (Сіаdіоsеlасһе) болып саналады. Мұның да қанаттарының түбі жалпақ, ұшы сүйір
болып келген, оны бүйір қатпарының қалдығы деп қарауға болады. Рострумы және жыныс өнімдерін жинап тұратын мүшелері болмаған, соған сәйкес ұрықтану сыртқы орталықта жүрген.
Тақта желбезектілер (ЕІаsтоЪгапсһіі) қалдығын тас көмір дәуіріндегі казындылар арқылы анықталған. Олар акула тәрізді балықтарға ұқсаған. Скаттар—теңіз түбіне жа-қын тіршілік ететін көлденең ауыздылардың маманданған тармағы — олар мезозойда пайда болған. Бұдан біраз уақыт бұрын Триас дәуірінде бүтінбастылар (НоіосерһаІі) пайда болған. Олардың саны өте көп болмаған.
Сүйекті балықтар (Оstеісһtһуеs) тіпті ертеде — девон дәуірінде анықталған. Бұлардың ең бірінші пайда болған түрі палионисцидтер (Раlаеопіsсоіdеі). Олардың терісінде сүйекті қабыршақтары болған, құйрықтары гетероцеркальды, рострумы бар, қабыршақтары V тәрізді ганоидылы болған. Бұл белгілер олардың бекіре балықтарға жақын екендігін дә-лелдейді. Палеонисцидтердің сүйекті ганоидылар (Ноlоstеі) тараған, олар триаста пайда болады да, палеонисцидтер мен сүйекті балықтардың аралық формасы болып саналады. Мейзозойдың ортасында олар өте көп болған. Қазір олардың тек қана екі өкілі (амия, қайман балығы) сақталған.
Нағыз сүйекті балықтар мезозойдың бас кезінде пайда бол-ған. Олардың эволюциясы өте тез алуан түрлі жолмен дамиды. Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар. Саусақ қанатты және қостынысты (Сгоssорtегуgіі және Dірпоі) балықтардың тегі бір-біріне сөз жоқ жақын болған. Екеуі де девон дәуірінде пайда болған. Әсіресе, жоғарғы девонда және тас көмір дәуірінде жақсы дамыған. Өкпемен тыныс алатын балықтардың екі группа-сының жіктелуіне себепші болған қоректену тәсілі еді. Мысалы, саусақ қанаттылар — жыртқыштар, сондықтан олар тез жүзу және қоректерін ұстау кабілетін сақтап қалды да, ал қос тыныстылар су түбіне жақын маңда тіршілік ететін омыртқасыздар мен қоректенуге көшті. Сөйтіп олар жақсы дамыған жүзу канаттарын жоғалтып, жай қозғалатын балыққа айналды. Осыған сәйкес қос тынысты балықтардың тістері, жоғарғы жақ және жақ аралық сүйектері де жойылған.
Саусақ қанаттылар басқа балықтарға қарағанда, жер бе-тінде тіршілік ететін омыртқалыларға — сауытты амфи-билерге (stеgосерһаlіа) жақын тұрған группа болып саналады.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 3438 Загрузок: 4 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: