Бүйір мойын тасбақалар

Бүйір мойын тасбақалар
Мойынын сауытының ішіне жиырғанда, ол оң немесе сол бүйіріне қарай қисайып, басы қолтығына барып енеді.
 
Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсінділері және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Екінші бір ерекшелігі — жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бірігіп кеткен. Барлық түрлері Африкада, Австралияда және Оңтүстік Америкада суда тіршілік етеді.
Ориноко мен Амазонка өзендерінде сауытының, ұзындығы 80 см болатын — аррау (Роdоспоmіз ехрапsа) тіршілік етеді. Мойыны ұзын, кейбір түрлерінде ол сауытының ішіне симайтын — жылан мойын (Сһеlуdіdае) тасбақаларда кездеседі. Олар Оңтүстік Американың тұщы суларында, Австралияда және Жаңа Гвинейде кездеседі. Ірі формаларының ұзындығы 1 метрге жететін, жануар текті тамақпен қоректенетін организмдер.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 1832 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: