Дегелек тәрізді құстар

Дегелек тәрізді құстар
Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әр түрлі көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар.
 
Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан
қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып, ата-аналары қоректендіреді.
Арктика мен Антарктикадан басқа жердің барлығына тараған.
Дегелек тұқымдасына (Сісопііdае) ұзын үшкір тұмсықты, отрядтың ірі құстары топтасады. Олардың тұмсығы ұзын, тік және үшкір келеді. Бұл құстардың көмекейінде дыбыс шығаратын қатпарлары болмайды. Сондықтан көпшілігі да-уыс шығармайды.
Бұл түрлер біршама құрғақ далада, орманда, тауда кейде батпақты жерлерде тіршілік ететіндігімен сипатталады. Жайшылықта да және ұя салар кезде де қосарланып жүреді. Ұяларын үлкен етіп ағаштарға, жарларға кейде (ақ дегелек) адам құрылыстарының, маңайына бұтақтан салады. Олар жылына 3—5 жұмыртқа туады, ал жұмыртқаның басылу мерзімі 30 күн-ге жетеді. Кесірткелермен, жыландармен, бақалармен, моллюс-калармен және насекомдармен қоректенеді. Жемін әдетте жер бетінен теріп жейді.
Бізде үнемі ауыл маңына үялайтын ак, дегелек (Сісопіа сісо-піа), керісінше адамнан қашатын қара дегелек (Сісопіа піgга) кездеседі.
Ивистер тұқымдасына (ІЬіdіdае) үлкендіктері орташа, сыртқы пішіні жағынан жылқышыларға ұқсас құстар топтасады. Олар тұмсықтарының жіңішке, орақ тәрізді иіліп қарабайларда (Ріеgаdіs fаlсіпеllиs) немесе тұмсықтарының ұшының күрек тәрізді жалпақ болып — қалбағай (Рlаtеlа Іеи-сагоdіа) келуімен сипатталады. Бұл көрсетілген екі түрдің екеуі де еліміздің оңтүстік бөлімінде қалың қамыстарда ұялайды.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 2309 Загрузок: 2 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: