Қалыпты жыртқыш құстар тармағы

Қалыпты жыртқыш құстар тармағы (Ғаlсопеs). Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұнқарлар және қырғи тәрізділер
 
Сұңқарлар тұқымдасына (Ғаlсопіdае) — орташа және ұсақ құстар жатады. Астыңғы жағының езуіне жақын же-рінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.
Ірі сұңқарлардың түрлері: лашын (Fаlсо регеgгіпиs), шұбар сұңқар (Ғаісо gиrfаtсо) сирек кездесетін құстар. Негізінен бұлар құстарды ауада ұшып бара жатқанда кағып жейді, бұл сұңқар-лар шапшаң ұшады. Олар ұяларын ағаштың басына, жарларға, жыраларға салады. Пайдалы кұстарды қырып, кейбір жерлерде зиянын тигізеді. Ірі сұңқарларды адам қолға үйретіп, басқа құстарды аулайды.
Ұсақ сұңқарлардың түрлері: күйкентай (Ғаісо vеsреrіпеs), тұрымтай (Ғаlсо соІumЬагіиs), бөктергі (Ғаісо tіnсиlиs). Бұлар негізінен ашық жерлерді мекен етеді. Ұяларын ағаштың басына, тастардың арасына, жартастарға, жыраларға салады. Ұшу шапшаңдықтары жоғарыда көрсет-ілген түрлерден бәсең. Жемдерін ұшып жүріп те, жерден де ұстап жейді. Тышқан сияқты кемірушілермен, насекомдармен, кейде құстармен де қоректенеді. Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдалы құстар.
Қырғи тәрізділер тұқымдасы (Апgиіlіdае). Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты өткір тісшесі болмайтын қанаттары қыскарақ және моқалдау келетін жыртқыштар. Біздегі бүркіттер тұқымдасы мына топтарға жіктеледі: оларға қырғи (Ассіріtег gепitаІіs), қаршыға (Ассіріtег піsиs) жатады. Олардың да қанаттары қысқарақ және моқалдау келеді. Құйрығы денесімен салыстырғанда ұзын болады. Олар орман құстары. Ағаш арасында шапшаң ұшуға икемделген. Бұлар құстармен, оның ішінде үй кұстарымен қоректеніп, шаруашы-лыққа зиянын тигізеді.
Құладындар (Сігсиs суапеиs). Бұлардың құйрықтары және аяқтары ұзын болады. Құладындар үш топқа бөлінеді: беткей құладыны (Сігсиs суапеиs), дала құладыны (С. тасгои-гиs) және саз құладыны (С. аегиgіпоsиs). Олар тундрадан бас-қа жердің барлығында да болады және ашық жерлерді мекен етеді. Бұлар жемін жер бауырлап қалықтап ұшып жүріп, жер-дегі шөптердің арасындағы ұсақ омыртқалыларды қағып ұстап, қоректенеді. Көпшілік түрі пайдалы.
Кезқұйрықтардың (Міlvиs kогsсһип, М.mіlvиs) құйрығы екі айыр болады. Әдетге өзен, көлдердің маңайында мекен етеді. Бұлар қалықтап ұшады. Жалпы алғанда кезқұйрықтар пайда-лы қүстар болып есептеледі. Олар кемірушілермен, саршұнақ-тармен, құстармен, балықтармен және насекомдармен қоректенеді.
Бүркіттердің басқа құстардан бір ерекшеліктері, саусақта-рына дейін қауырсынмен қапталған. Қанаттары жалпақ және моқал келеді. Олар шапшаң, бірақ салмақты үшады. Бізде бестен артығырақ түрі бар. Олардың ішінде көбірек тараған түрлері орманда мекен ететін бүркіт (Аgиіlа сһгузаеtоs), оңтүстіктегі далалы жерді мекен ететін қыран — қара бүркіт (Апgиіlа піраІепsіs) және орманды ендікте мекен етуші шаңқылдауық бүркіт (Апgиіlа сlапgа) немесе тау қыраны т. б.
Қыран — қарадан басқасы ағаштарға, немесе жарлардың қуысына ұяларын салады. Қыран-қара ұясын жерге, немесе бұталарға салады. Ұяларында 1—3 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 40—45 күнге созылады. Жемдерін қалықтап үшып жүріп көріп, кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Олар негізінен тышқан тәрізді кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, насекомдармен қоректенеді.
Әсіресе қыран-қара пайдалы, олар ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін насекомдар мен кемірушілерді жейді. Бүркіт-терді адам қолға үйретіп түлкі, қасқыр, ақбөкендерді және дуадақтарды аулауға пайдаланады.
Ақ сары (Виtео), Олар бүркіттерге жақын, бірақ кішірек және қауырсыны саусақ-тарына дейін қаптап тұрмайды. Бізде кэдімгі жамансары (Вutео Ьutео) кездеседі. Олар ұяларын ағаштарға салады. Басқа түрлері жер үстіне, әдетте өзендердің жағалауларына, тастың қуыстарына салады. Ұясында 2—4 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны басу мерзімі бір айға жуық.
Ақсарылар жемдерін аңдығанда ауада қалықтап ұшып, не-месе биігірек жерге шығып отырып, жасырынып барып ұстайды.
Ақсары өте пайдалы құс. Олар ауыл шаруашылығына зиян-ды кемірушілермен, насекомдармен қоректенеді. Пайдасын жете білмей жыртқыш құстарды атқанда ақсарыларды да атып жіберушілер кездеседі.
Құмайлардың барлығы — ірі құстар. Басында және мойнында қауырсындары болмайтындығы арқылы айыруға болады. Тырнақтары моқал, тұмсығы төмен қарай иілген. Биологиялық ерекшелігі, олар бірыңғай өлекселермен қоректенеді. Негізгі түрлері: сип (Gурs fulvиs), қозықұмай (Gираёtиs ЬагЬаtиs) және қара құмайлар (Аеgуріиsтопасһиs) болып есептеледі. Бұлар көбінде таулы жерлерді мекендейді. Ұяларын ағаштарға және жартастарға салады. Қейбір түрлері (сип) топталып жүріп ұялайды. Ұяларында 1—2 жұмыртқа болады, ал жұмыртқасын басу 55 күнге созылады.Сөздерінің өте жақсы көруі нәтижесінде, ауада қалықтап ұшып жүріп жемдерін тауып жейді. Пайдалы құстар. Қозықұмайлар тұяқты жануарларды жеп зиянын тигізеді. Бірақ бұлар өте сирек кездесетін құстар, сондықтан олардың зияны оншама көп емес.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 2997 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: