Қырғауылдар тұқымдасы

Қырғауылдар тұқымдасы (Рһаsіапіdае). Бұлар оңтүстік және қоңыржай ендіктерге көбірек тараған. Аяқтарының саусақтары қауырсынсыз, еркектерінің аяғында үлкен тепкілері болады.
 
Саусақтарында мүйізденген ірі қабыршақтары болмайды. Бұларға жататындар: Солтүстік Америка күрке тауығы (Меlеаgгіs gаIIораvо) ол осы кездегі үйде асыралатын күрке тауықтардың арғы тегі, африка цесаркасы (Міmida mеlеаgгіs), үнді павлиндары (Раvо сгіstatиз), Индияның жабайы тауықтары. Олардың ішіндегі айрықша маңызы бары банкив немесе бута қызыл тауықтары (Gаlиs gаlиs). Бұта тауығынан үй тауықтары шыққан. Бұл тұқымдасқа қырғауылдар, бөденелер, кекіліктер т. б. жатады.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 1804 Загрузок: 1 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: