Бұлдырық құсы

Бұлдырық құсы. Бұлар солтүстік және қоңыржай аймақтарда кездеседі. Қары көп және суық жерлерде мекендеулеріне байланысты, олар көпшілігінде ағаштарда тіршілік етеді.
 
Қысты күні қатып тұрған бұтақтардан мықтап ұстайтын саусақтарында мүйізді қатты тісшелері болады. Балақтары азды-көпті қауырсынды. Тепкілері жоқ. Танауы қауырсындармен жабылған.
Тундрада, тайгада және Сибирьдің ағашты даласында ақ кекілік’(Lаgориs Іаdориs) деген түрі тіршілік етеді. Оның үлкендігі көгершіндей (салмағы 500—850 г), жазда қоңыр-қызғылт, ал қыста ақ түсті болады. Олар мүкті батбақтарда, қалың бұталарда мекендейді. Жемістермен, дәндермен, насекомдармен, ал қыста тек қана тал және қайыңның бүрлерімен қоректенеді. Қатты қоректерін ұсақтау үшін майда тастарды жұтады. Ұяларын жерге салады. Ұяларында 6—16 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 23 күнге созылады. Кәсіптік құс. Арктикалық тундрада — тундра кекілігі (Lаgориs тиtиs) деген түрі кездеседі.
Бұлдырық (Lигигиs tеtгіх) үй тауығының үлкендігіндей бо-лады. Еркегі қара түсті, ұрғашысы қоңыр-қызғылт болады. Бізде бұлар ағашты және ағашты далалы жерлерде мекендейді. Бұлдырықтар — бұталы, маңайында ашық жерлері бар тоғайларда көбірек кездеседі. Бұлдырық қыста жерге қонақтап, күндіз ағаштың арасында болады. Жазда жерде тіршілік етеді. Ұясын жерге салады. Ұясында 4—12-ге дейін жұмыртқасы болады. Оны 23 күн басып, балапан шығарады. Балапанына тек қана ұрғашысы қамқорлық етеді. Күзге қарай топтанып жайылады. Жазда көк өсімдіктермен, жемістермен және насекомдар-мен қоректенеді. Бұлдырықтар күзде ағашы жоқ далада да кездеседі. Қоректік затпен бірге ұсақ тастарды да жұтады. Бұлдырық қар түскен соң негізінен қайыңның және басқа өсімдіктердің жемісімен, бүршіктерімен қоректенеді. Бұлдырықтардың жұтқан ұсақ тастарының маңызы үлкен. Жас бұлдырықтар ұсақ тастарды, өзінің бірінші тіршілік ете бастаған күнінен бастап, теріп жей бастайды. Жыл мерзімінің өзгеруіне байланысты, бұлдырықтардың қарнындағы тастардың саны да өзгеріп отырады (15 г). Қыстың аяғында қарнындағы ұсақ тастардың да саны азаяды. Қыстың аяқ кезінде тастар үйкеліп мүжілудің, қимен бірге түсіп қалудың нәтижесінде ол азайып кетеді. Бұлдырықтардың құс аулау кәсібіндегі маңызы үлкен. Меңіреу құрлар бұл тұқымдастың ішіндегі ең ірісі. Бізде кә-дімгі меңіреу құр (Теtгао игоgаllиs) көбірек тараған. Еркегінің салмағы 3—5,5 кг, ұрғашысының салмағы — 2—3,5 кг болады.
Меңіреу құр — құс аулау кәсібінде маңызды орын алады. Шұбар құр (Теігаstеs Ьопаsіа) — құр тұқымдастарының ең ұсағы, салмағы 400 е болады. СССР-де батыс шекарадан, Қолыма өзеніне және Сахалинге дейін, орманды ендіктерде кең тараған. Бұлар Кавказдың, және Камчатканың ормандарында болмайды. Шұбар құр — ағашты жердің тұрақты құсы. Шұбар құрлар ұяларын бұталардың түбінде шұңқырлап са-лып, құрғақ шөптер, жапырақтар төсейді. Ұяларында 6—14 жұмыртқалары болады, оны басу мерзімі үш аптаға созылады. Балапандары жұмыртқадан шыққаннан соң бірнеше.сағаттан кейін анасының артынан ілесіп кетеді. Еркектері ұя салу, балапандарын тәрбиелеуге қатыспайды. Шұбар құр негізінен өсімдік тектес заттармен қоректенеді. Жазда өсімдіктің жас сабақтарымен, жемістерімен және насе-комдармен қоректенеді. Бұл кезде қоректерін жерден теріп жейді, ал қыста емен мен қайыңның бүрлерін жейді. СССР-де құс аулау кәсібінде шұбар құрлар бірінші орын алады. Оларды түрлі тұзақ арқылы ұстап, мылтықпен атып аулайды.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 2916 Загрузок: 2 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: