Тырна құсы

Тырна. Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды.
 
Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кезде-седі. Бізде тырналар (Gгuіdае) деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна (Gгиs dгиs). Бұл ұзындыры 120 см салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-яарын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде дала-ларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары щирақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен, насекомдармен, бақалармен, рептилермен, тышқандармен қоректенеді. Жаздың соңғы кездерінде топтанып астық далаларына барып, шаруа-шылыққа аздап зиянын тигізеді. Оңтүстіктің далалы аудандарында кіші тырна, немесе ақбас тырна (Grus virgo) дейтін түрі ұялайды. Мұның салмағы 2,5 кг болады. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары, Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 6832 Загрузок: 14 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: