Көгершін

Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.
 
Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (StrерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.
Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.
Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 3924 Загрузок: 2 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: