Жарқанаттар

Жарқанаттар. Құлақ қалқандары үлкен, тістері өткір, ұсақ жануарлар жатады. Қазіргі кезде олардың 800-ге жуық түрі белгілі, оның СССР-де 40-қа жуық түрі кездеседі.
 
Бұлардың көпшілігі насекомдармен, кейбір түрлері жануар тектес азықпен қоректенеді, мысалы, найза тұмсықты жарқанат (Рһуllоgtоm һаstatиm), Оңтүстік Америкада мекендейтін десмодус (Dоsmоdиs) ұйықтап жатқан сүт қоректілердің, кейде адамның да қанын сорып қоректенеді.
Көптеген түрлері солтүстіктен қысқа қарай оңтүстікке ұшып кетеді. Кейбір түрлері мекен егкен жерлерінде қысқы ұйқыға кетеді. Қысқа қарай бірнешеуі бір жерге жиналады, мысалы, Бахардан үңгіріне (Түркмения) 40000-ға жуық жарқанаттар жи-налған., Өте баяу көбейеді, 1—2 бала туады. Шағылысуы күзде жйне көктемде орындалады.
Күзде шағылысқанда сперма жұмыртқаны ұрықтандырмай, аналық жыныс жолында қыстап қалады. Ұрықтану тек қана көктемде, аналықта овуляция болғанда орындалады. Көктем-дегі шағылыс кезінде овуляция мен ұрықтану бір мерзімде өтеді. Біздің жерімізде ушандар (Рlесоtиs аигіtиs) және жирен түн жарғанаттары (Nусtаlиs поtиlа) көбірек кездеседі.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 2487 Загрузок: 3 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: