Мүкі тістілер

Мүкі тістілер. Оңтүстік Америкада тісі шала жетілген азғана сүт қоректілер бар. Олардың тістері мүлдем болмайды, немесе эмалы мен түбі болмайды және түрлі топтарға жіктелмеген.
 
Ми сыңарлары кіші, қатпарлары болмайды. Коракоидалары жауырынымен кейінірек бірігіп кетеді. Біздің заманымызға дейін бұлардың үш тұқымдасы сақталған. І-жалқау аңдар (Вгаdуроdіdае) ағашты жерді мекендейтін түн жануары. Уақытының көпшілігін ағаштың бұтағына арқа-сын төмен қаратып, ілініп тұрып өткізеді. Олар өсімдік жапыра-ғымен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарын мекендейді. 2-құмырсқа жеушілер (Муrmесорһаgіdае) құмырсқамен және термиттермен қоректенеді. Бұлардың тұмсығы және тілі өте ұзын болады. Тілінде желім сияқты шырыны болады, тістері болмайды. Бұлар тек кана Оңтүстік және Орталық Америкада тараған. 3-сауыттылардың (Dазуроdіdае) денесі тері тектес сүйекті сауытпен қапталған, сондықтан оларды сауытты мүкі тістілер деп атайды. Сүйекті сауытының үстінде. мүйізді қалқандары болады. Сауыттылардың әрбір қалқаны бірімен-бірі қосылып кетпей, қозгалғыш қабілетін сақтаған. Осы қалқандары арқылы жауларынан пассивті қорғанады. Олар шөлді жерлерді мекендеп, аралас азықтармен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Америкада және Солтүстік Американың оңтустігіне тараған.

Дата: 2012-10-09 Просмотров: 1786 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: