Тотықсыздандырғыш

Тотықсыздандырғыш - тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде өзінен электрон бөліп, тотығу дәрежесі өзгеретін атом немесе бөлшек. Тотықсыздандырғыш – электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион), ал электрон беру процесі – тотығу деп аталады, демек Тотықсыздандырғыш реакция кезінде тотығады. Тотықсыздандырғыш ретінде металдардың бейтарап атомдары, кейбір бейметалдар (мысалы, C, Sі, H2), теріс зарядталған бейметалл иондары (мыс., Cl, Br, J, S2), құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өте төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар (FeCl2, FeSO4, Cr2(SO4)3, MnSO4, H2S, HCl, HBr, HJ, NH3, CO, N2H4, NH2OH, NO, SO2, H3PO4, H2SO3) және олардың тұздары, (HNO2, SnCl2, Na2S2O3), органикалық заттар – альдегидтер, спирттер, глюкоза, құмырсқа және қымыз қышқылдары, электролиз кезіндегі катод, т.б. қолданылады. Техникада және лаб-да жиі қолданылатын аса маңызды Тотықсыздандырғыштар: көміртек (С) пен көміртек (ҚҚ) оксиді (СО). Тотықсыздандырғыштар металлургияда оксидті кендерден металл алуға, кейбір активтігі аз металды ерітінділерінен бөлуге; темір, мырыш, алюминий, қалайы және органик. заттар алуда, нитроқосылыстарды тотықсыздандыруға, фотографияда, мата өнеркәсібінде, т.б. жерлерде қолданылады

Дата: 2012-04-15 Просмотров: 6116 Загрузок: 7 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: