Атомдық және молекулалық масса

Атомдық және молекулалық масса
Заттың барлық бөлшектерінің массасы зат массасын құрайды. Химияда масса ретінде тыныштық массасы қарастырылады. Масса тыныштық масасында бір – біріне тең болатын заттың инерциялы және гравитациялы қасиеттерін сипаттайды.
 
Массаның салыстырмалы және абсолютті түрі бар. Салыстырмалы атомдық массаны өлшеуге атомдық масса бірлігі (а.м.б.) енгізілді: 1а.м.б. = m(12С ) /12 = 1,6606 . 10-27 кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (қысқаша атомдық масса) дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз сан және Аr әрпімен белгілейді. Мұндағы “ r „латынның relatuvus – салыстырмалы деген ұғым береді. Мысалы, Аr (O)= 15,9994, Ar (H)= 1,00794. Элементтердің салыстырмалы атомдық массалары «Д.И. Менделеевтің элементтерінің периодтық жүйесі» кестесінде берілген.
Салыстырмалы молекулалық масса (қысқаша молекулалық масса) дегеніміз оның молекуласы массасының көміртегі атомы массасы 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз сан және Мr әрпімен белгіленеді. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы оның құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең.Мысалы, ортофосфор қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын анықтаймыз:
 
Mr (Н3РО4) = 1,0079 • 3 + 30,9738 + 15,9994 • 4 = 97,9951.
 
Зат мөлшері. Кез – келген зат белгілі құрылымдық бірліктерден тұрады. Мысалы, ас тұзы натрий хлориді – NaCl кристалл зат молекуласынан, газ метан – СН4 молекуласынан тұрады.
Бұл құрылымдық бірліктерді формулалық бірлік деп атайды да, ФБ әрпімен белгілейді. Формулалық бірлік – шынайы болатын бөлшектер, оларға электрондар, атомдар, молекулалар, иондар, кристалл заттардың шартты молекулалары және полимерлер жатады. Бөлшектер санын сипаттау үшін зат мөлшері ұғымы енгізіледі. Зат мөлшері – заттың формулалық бірлігі санының Авогадро санына қатынасын айтады:
 
n = NФБ / NА ;
 
мұндағы, NФБ – заттың бөлшек саны, n – зат мөлшері, NА – Авогадро саны,
NА = 6,02. 1023 тең мән болып келеді.Авогадро тұрақтысы 126С көміртегі изотопының 12 грамындағы атомдар санын немесе массасы 1 г заттың атомдық бірлік мөлшерін анықтайды.Сондықтан да а.м.б.=1 /NА=1/6,02.1023 =1,66.10-24г
Зат мөлшері мольмен өлшенеді. Моль дегеніміз 126С көміртегі изотопының 12 грамында қанша атомдар болса, құрамында сонша формулалық бірлігі болатын зат мөлшері.
«Моль» түсінігін қолданғанда қандай құрылымдық бірлік екенін нақты көрсету қажет. Мысалы, Н сутегі атомының молі, Н2 сутегі молекуласының молі, Н+ ионының моль, е¯ электрон молі.

Дата: 2012-04-15 Просмотров: 7491 Загрузок: 17 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: