Жыртқыш аңдар

Жыртқыш аңдар
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Аю – денесі үлкен, икемсіз ірі жыртқыш. Түрлеріне қарай ақ аю, қоңыр аю болып бөлінеді.
Мақат – еркек аю.
Кірекей, мердек – ұрғашы аю.
Қонжық, апанақ – аюдың төлі
Арыстан – мысық тұқымдас ең ірі жыртқыш
Теңбілше, абдан – арыстанның күшігі
Қаншыр - ұрғашы арыстан
Ызақор – еркек арыстан
Жолбарыс – мысық тұқымдас, жолақ терілі ірі жыртқыш
Шері – жолбарыс
Өлекшін – ұрғашы жолбарыс
Сарымақ,шөнжік – жолбарыстың күшігі
Барыс – мысық тұқымдас, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, шұбар түсті аң
Ілбіс – барыстың екінші бір атауы
Таутан – ұрғашы барыс
Алан –барыстың күшігі
Қасқыр – ит тұқымдас жыртқыш, бөрі, күрт (көне атау)
Арлан – ірі, күшті қасқыр
Қаншық, құртқа, шұлан – ұрғашы қасқыр
Бөлтірік – қасқырдың қарақұлақтанған күшігі
Бірішек, абадан –еркек, көсем қасқыр
Көксерек – жас қасқырдың ең мықтысы
Қорқау,көрбан – нағыз жыртқыш қасқыр
Бөрі – серекқұлақ қасқыр
Шіл бөрі – қасқырдың азғыны
Шибөрі – итке ұқсайтын қызыл түсті, тоғайлы, қамысты жерде мекендейтін шағын тұрықты қасқыр
Шоғал – қорқау қасқыр
Көкжал, атайы – арыстай үлкен ызақор қасқыр
Көкшұлан – арлан, көкжал
Майтабан – семіз қасқыр
Түлкі – құйрығы ұзын, терісі бағалы ит тұқымдас айлалы аң. Бұлақ құйрық, ақшулан, әккі сайқал, ін сақтағыш, қара үйек, қырқылжың арлан деп те аталады.
Алтай қызыл – қан қызыл түсті түлкі
Қарамалжын –күміс қара түсті түлкі
Мыршық, қаншық, қанжыр, жәутік – ұрғашы түлкі
Жаутаң, мыртот, түлкішек – түлкінің күшігі
Сілеусін – мысық тектес ірі жыртқыш
Ілбиін – ұрғашы сілеусін
Інсін – сілеусіннің күшігі
Қарсақ – түлкі тұқымдас жыртқыш Күзен – сусар тұқымдас терісі бағалы аң Қаракүзен – сулы жерді мекендейтін жүні қалың, жылтыр түсті аң, су күзені Құну – сусар тұқымдас, борсыққа ұқсас, түгі қалың, қара қоңыр түсті терісі бағалы аң Борақ – еркек борсық
Әзборақ – борсықтың төлі
Қабылан – мысық тұқымдас, теңге шұбар түсті сүт қоректі жыртқыш Қарақұлақ – мысық тұқымдас жыртқыш
 
Қоңыр аю
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Қоңыр аю
 
Кодьяк аюы, Аляска
 
Амандық күйі
 

Least Concern (IUCN3.1) [1]
 
Ғылыми топтастыруы
 
Дүниесі: Жануарлар
 
Жамағаты: Хордалылар
 
Табы: Сүтқоректілер
 
Сабы: Жыртқыштар
 
Тұқымдасы: Ursidae
 
Тегі: Ursus
 
Түрі: U. arctos
 
Екі-есімді атауы
 
Ursus arctos
Линней, 1758
 

Ареал
Қоңыр аю (лат. Ursus arctos) — аю тұқымдасына кіретін жыртқыш аң. Салмағы 300 килограмнан асады. Терісі тулақ жасауға, еті жеуге жарайды, дәнді дақылдардан көбінесе сұлыға зиянын тигізеді, кейде малға да шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады.
 

Аюдың арқасында лаңкестер тұтқындалып, заңсыз оқ-дәрілер мен қару-жарақ тәркіленді. Оқиға Үндістанның Кашмир штатында болған.  
 
Аюдың апанын қауіпсіз деп тапса керек, жергілікті төрт экстремист сол жерді паналаған. Сырттан оралған үңгір иесі «шақырусыз қонақтарды» көріп ашуланғаны сонша, сол жерде екеуіне өлім құштырыпты. Ал қалған екі лаңкес аңның тырнағынан қашып құтылғанымен, біреуі қатты жараланғандықтан, сол жердегі емханалардың бірінің көмегіне жүгінуіне тура келген. Соның арқасында бүлікшілер оқиғадан хабардар болған жергілікті полицейлердің құрығына ілікті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жыртқыш өте шапшаң қимылдағандықтан, бүлікшілердің қару-жарақ қолдануға мүмкіндігі болмаған көрінеді.
 

АЮЛАР ХИКАЯСЫ
 
«Қорқау аю»
Жағырапияға қарасаңыз Алтай тауының орта шыңында Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғол елдерінің шекарасы түйісетін нүкте бар. Дәл осы жердегі мәңгі мұздақтан сансыз бұлақ сылдырап ағып, ылдиға тартады. Бара-бара басы бірігіп, үлкен өзенге айналады. Әйгілі, Ертіс дариясы осы Алтай тауының бұлақ суларынан құралған.
Қыстың алты айында қар басып жататын биік таулардың тасына шейін қарамайланып, бөктердің топырағы шымданып кеткен. Құнарлылығы соншалық шаншыған ағаш бір-екі жылда көктеп, тамырланып кетеді. Айбарымен атаққа шыққан Алтайдың қоңыр аюы сыңсыған қарақат, қызылқат, бұта бүлдіргенді теріп жеп күн көреді.
Осы Алтай өлкесі 18 ғасырдың екінші жартысында Жонғардан босап қалғандықтан байырғы атамекеніне қазақтар қайта барып қоныстанған. Жайлы қоныс, мамыражай мекен, жанға рахат өмір. Бірақ, өмір бар жерде, өлім де бар. Алғашқы жылдары қазақтар топырағы шымданып кеткен опырма сызды жерге мәйітті ақымдап жерлеуді білмей әбігерге түскен көрінеді. Дәл осындай бір алмағайып тұста қорқау аю пайда болады. Тегі көп жылдың алдында шүршіттің шерігі қырып кеткен өлі торғауыттардың етін жеп ауызданған болуы керек. Адамнан басқаны қорек етпейді. Қарағайы сиреген тасты қыраттың үстіртін қуалап қазақтар өліктерін жерлейді. Тап сол күні мәйітті аю қазып әкетеді. Әлгі антұрған аю түнделетіп келер болса бір сәрі, тура екінті мен ақшамның арасында өрістен мал келіп, желібаудағы биелердің соңғы сауымын сарқып жатқанда, өрдегі жыныс қарағайды сатырлатып сындырып, жердің шымын ойып алып бұрқыратып аспанға атып, күндей күркіреп ақырып, бақырып жетеді. Аюдың зәрінен қорыққанда желі басындағы бейшара биелер дірілдеп, сиіп-сиіп жібереді екен.
Содан тірі жанды есінен тандырып, арқыраған аю жаңа жерленген мәйітті көрден суырып алып қарағайдың ішіне кіріп кетеді. Аржағы ит тұмсығы өтпейтін ну ағаш. Одан ары не бары жан баласына беймәлім. Білетіндер айтатын көрінеді: «аю өлі мәйітті адам аяғы жете алмайтын жерге апарып, жуан қарағайға бастырып кетеді де, әбден шірігенде келіп жейді».
Елдің есі шығады. Өлген адамды жерлеуден қалады. Тірі жүргендер өлуден қорқады. Осылай жалпақ жұрт дағдырып тұрғанда Рамазан дейтін жасы қырықтан асып кеткен, тұлғасы атан өгіздей, арысқа түсіп атағы шықпаса да қара күшке мығым, бойы екі құлашқа таяу азамат ортаға шығып: «Мен өтірік өлейін, апарып көміңдер! Сол аюмен бір айқасып көрейін!» дейді. Амалы таусылған халық «мақұл!» депті.
Тегі қаза тапқан адамды жерлеген сәтті сонау қияда жүріп-ақ қорқау аюда үнемі қадағалайды екен. Сөйтіп ел тірідей Рамазанды жерлейді. «Тірі өлік» қалыңдығы бір елі бұқар былғарысынан сырып тікен саптама етігін киіп, жалаңдаған жуан қанжарды қонышына тығып, келетін тажалды күтіп көрде жатады. Тура ақшамның алдында қара жердің қыртысын аударып-төңкеріп, бала қарағайларды түбірімен қоса жұлып лақтырып, азан-қазан аю да жетеді. Келе көрге қолды салады. Рамазанды тірідей суырып алады. Тік тұрған күйі бір сілкіп оң иығына арта салып ала жөнеледі. Аю кетіп барады, біздің батырдан шым еткен белгі жоқ. Ел-жұрт аң-таң.
Үлкендер жағы жоқтау айтып, дауыс шығарған Рамазанның шешесі мен әйелін тоқтатып, бірер жігіттерді мықты атқа мінгізіп аюдың артынан жібереді. «Не болды екен барып біліңдер!».
Сол күні қараңғы түсіп кетеді де, шолғыншылар қайтып келіп, таңертең ерте аттанбақшы болады. Бірақ олар аттанбайды. Алаң-елеңде Рамазанның өзі аман-есен үйіне келеді. Сабазың ештемемен шаруасы жоқ балпаң-балпаң басып, арқандаулы тұрған күрең атының жалынан бір сипап, үйіне қарай тартады. Алдынан ойбайлап ағыл-тегіл жылып жүгірген әйеліне мойын бұрып та қарамай: «Әй қатын, үйге барып шақшамды әкел!» депті. Тек есік алдында жанары жасауырап тұрған анасына «Апа, қорыққан жоқсыз ба?» деп, бір рет мырс етіп қойып, төр алдында ұйқтап жатқан бес жасар ұлын кеудесіне мінгізіп, қорылдап ұйықтап кетіпті.
Рамазанның құрдастары қалжыңдап, әйеліне: «Әй, қатын, анықтап қарашы, төрде қаперсіз ұйықтап жатқан, сенің күйеуің бе, әлде, әлгі кісі жейтін аюдың өзі емес пе екен?» деп, қылжақтайды. Батырдың ұйқысы қанған соң ел-жұрт жиналып келіп «не болды?» дегенде, Рамазан қысқа ғана: «Мені көрден суырып алып арқалап кеткенде, қанжар салған етіктің қонышы аюдың кеуде тұсында қалып, екі қолым арқасында кетті. Қимылдасам, әлгі пәле жерге ұрып есімнен тандырар деп, ойладым. Содан қалың қарағайдың ішіне алып барып, мені тік тұрғызып, сынған жуан бұтаққа сүйеп қойды. Өлген адамға ұқсап, көзімді жұмып саңлаулатып қарап мен тұрмын. Артына шегініп барды да шыңғырып жіберіп, өкірген күйі жүгіріп келіп оң алақанымен жағымнан тартып жіберді» – дейді. Естіп отырған жұрт ойпырым-ай қалай жаның қалды деген де, Рақаң: – Құдай-ау аю ағындап келіп ұрған да жығылуға шақ қалдым емес пе, – депті, жайбарат қана.
Әңгімеге еліккен адамдар: «Содан кейін не болды?» дейді ғой. Рақаң: – Менің жығылмай тұрғаныма аюдың өзі таң қалды. Аңырып бір сәт тұрды да, артына шегініп әлгіден де алысқа кетті. Тегі алыстан ағындатып келіп тағы ұрмақшы. Енді бұдан аман қалмасым белгілі болды. Аю ақырып маған қарай ұмытылғанда, жалт бердім де өзіне қарай мен ақырып ұтылдым. Қолымда қанжар. Аю мұндайды күтпесе керек, сасып қалып қорыққаннан өзі шалқасынан түсті. Төрт аяғы тырбыңдап есеңгіреп жатыр. Бардымда ағараңдап тұрған шабын жарып тастадым. Мақұлық қанжарды шап беріп ұстаймын деп, жарылған өзінің ішек – қарнын суырып алды. Қорқырап жатып жан тапсырды. Әбден өлсін деп жанында қарап тұра бердім. Қараңғы түсіп кеткен соң жолдан адасып кетпейін деп, таң қылаңдағанға дейін күтіп отырып, үйге келдім. Бұл қорқаулықты қойсаңшы өзі өлгелі жатып, әлгі аю қолына іліккен өзінің ішек-қарнын жеп алды…
«Ақылды аю»
Бұл оқиға 1960-шы жылдардың басында болған екен. Қытай елінде атақты «Мәдениет төңкерісі» басталып, адамдарды жазықсыз қудалауға ұшыратып жатқан заман. Әсіресе оқыған-тоқыған білімді адамдарға «ұлтшыл», «солшыл» деген айдар тағып, алдын атақты «Тарым» түрмесіне, жазасы жеңілдеу біреулерді Алтай жаққа апарып қара жұмысқа салады.
Осы жазаға кесілген топтың ішінде болған Әбділ Әбиоллаұлы дейтін ақсақал бертінде Зайсан – Тарбағатай өңірінде дүниеден өтті. Жарықтық өмірдің талай талқысына түскен, қиыншылық пен жоқшылықты бұйым құрлы елемейтін, үстіне аспаннан қара тас жауса да былқ етпейтін, көрген бейнеті сабырға айналып, жүрегіне иман болып ұйып қалған адам еді. Бір ғұмырдың пендесі мұндай жанды кездестіре қойуы екіталай.
Әбекеңе тоқылған жаза тым үлкен емес. Десе де ауырлау. Солшылдармен байланыс жасадың, олардың мүлкін заңсыз сақтадың, деген сыңайлы. Хош сонымен, алты жылды арқалап, басы айдауда Ақши деген жердегі лагерге келеді. Мұнда азғана күн тұрақтап, таудан қарағай дайындап орталыққа жіберетін топқа келіп қосылады. Бұларды ішкі жақтан келген қытай солдаттары бақылайды екен. Тәртіп қатал қит етсең атап тастауға дайын. Әр адамның күндік жүктемесі бар. Оны орындамасаң жаза мерзімі қосылып отырады.
Оның үстіне ішкі өлкеден әкелінген қарауыл әскерлердің дені ханзулар. Алтайдың әсем табиғатына тамсанып қарайтын секілді. Әсіресе, иен-тегін жатқан бақа, шаянды отқа қақтап жеп мәз. Олардың кейбір қылықтарына қарап, Алтайдың арда өскен қазақтары иманы ғапыл болады. Жер бетінде мұндай да адамдар бар екен-ау.
Бір күні осы әскерлер ерігіп жүріп, аюдың апанына кез болыпты. Ақымақ немелер ішіне кіріп көрсе, аюдың жаңа туған екі қонжығы бар екен. Аналық аю жем іздеп кетсе керек. Алдына астауға салып ет тарсаң оны жемей, даланың құрт-құмырысқасын қорек етіп үйренген бейбақтар әлгі екі қонжықты лагерге әкеліп, отқа қақтап жеп қойыпты.
Сол күні аналық аю оң жақ беттегі құз тастың үстіне шығып алып, түні бойы аңырапты. Кәдімгідей өксіп-өксіп жылапты. Бір сойқанның басталып келе жатқанын басқалар білмесе де аюмен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан жергілікті қазақтар аңғарған еді. Енді аю қайткен күнде кек қайтарады. Елдің көкейінде «Аю не істер екен?» деген сұрақ көлденең тұрады.
Жазасын өтеп жүрген қазақ, ұйғыры бар үш жүздей адам әскердің бастықтарына айтып, сақтануды ескертеді. Полковник шенді қарауылшылар бастығы мұны естіп қарқ-қарқ күлгенде Құрымты жотасының сай-саласы, тау-тасты жаңғырығыпты. Әлбетте, бұл жаңғырықты аюда естіген болар. Онымен қоймай өлген қонжықтың біреуінің басын жеке шатырының маңдайшасына ілгізіп тастапты.
Содан күндегі режим бойынша жазасын өтеушілер кешкі асын ішіп, әдеттегі санақтан өткен соң ашық далада ұйықтауға жатады. Бұлар ұйықтайтын арадан бастықтың жеке шатыры екі жүз қадамдай жерде. Әмбе, арнайы күзеті бар. Қалған әскерлер үш шатырға бөлініп орналасқан. Жазасын өтеушілердің сыртын тікенек сыммен қоршап, түнгі күзеттің қарауылшылары бес-алты жерден күзетіп қонады. Күндізгі жұмыс кезінде күзететін әскерлер бөлек. Олар түнде дем алады.
- Тура түннің ортасында, – дейді, Әбділ ақсақал: – қатты айғай-шудан оянып кеттік. Ана жақта тарс-тұрс мылтық атылып, дүние азан-қазан болып кетті. Содан қайдан ұйқы келсін, таңертең тұрып қарасақ бастықтың шатырына аю басып кіріпті. Сырттағы солдатты ұрып жығыпты. Ол әлі есін жимаған екен. Бастық жоқ. Аю алып кеткен сияқты. Әскерлердің қорыққаны соншалық аюдың ізіне түсіп, бастықтарын іздейтін бір адам шықпады.
Келесі күні де түнде адамдар мылтықтың дауысынан шошып оянады. Әскерлер қытайша былдырлап бажылдайды. Қытай тілін білетін ұйғар Сауыттың айтуына қарағанда тағы да аю шапқан сияқты. Бұл жолы ешкімге тиіспеген, тек шатырға қарай үлкен томар лақтырып кетіпті. Мына қызыққа қараңыз, таңертең көрсе түндегі аю лақтырған томар емес, кеудесінен жұлынған бастықтың басы екен. Мылжа-мылжасы шығып екі езуі ыржалықтап жатыр.
Шошынған әскерлердің берекесі қашады. Бейшара бастықтың өлі басына қарауға қорқады. Жасампаз әскерлердің мына қылықтарына күйінген ұйғыр Сауыт бастықтың басы мен қонжықтың басын бірге жерлеп тастап, кеңк-кеңк күліп келе жатыр, дейді.
Сол күннен бастап әскерлердің қара басына қайғы бұлты үйіріліпті. Бес күннің ішінде тағы да үш қарауылды аю таспен атып өлтірген. Әбден амалы таусылған әскерлер түнде ұйықтағанда өздері топ ортаға ұйлығып алып, сырт жағынан жазаға ұшырағандарды шеңбер сияқты дөңгелентіп жатқызатын әдіс тауыпты. Соның өзінде аю жергілікті тұтқындардың үстінен ыршып өтіп, ортадағы қытайдың әскерін суырып әкетеді екен. Бейбақ солдат құлын даусы шырқырап аюдың қолтығында тыпырлап кетіп бара жатады.
Біреу сенер, біреу сенбес, бұлар шынымен болған оқиға. Менің еріксіз таңданған кеспіріме қарап отырып Әбең айтатын: «Таңданатын түгі жоқ, сырттан харам ниет ойлап келген жауыздарды жергілікті жердің адамы тұр ғой, аңы да таниды һәм ол да туған жерінің тыныштығы үшін күреседі» – деді.
 


Дата: 2012-04-12 Просмотров: 24751 Загрузок: 22 Язык: на казахском языке

  • sabir 29 September 2014 20:20
    но хорошо
    Ответить
  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: