геоэкология

ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Д.Биткөзов, Ғ.Жарылғапов, Қ.Мұздыбаев, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері Б.Жүнісовтер табысты жұмыс жүргізе білді. Соның нәтежесінде самбодан қазақ жастары арасынан тұңғыш әлем чемпионы тәжін киген Қ.Байшолақов, әлем, Азия кубоктарының иегерлері, құрлықтық, әлемдік бәсекелер жүлдегерлері С.Балабоев, А.Махмутов, Талғат пен Жанат Байшолақовтар есімдері спорт тарихында өшпес із қалдырды. Қаражал өңірінде де күрес өнері кең қанат жайған. Оның алғашқы көшбасшысы А.Мұхамедин болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында да дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар, әскер қатарына шақырылуы тиіс жастардың әскери қызметке дайын болу міндеттерін шешуге бағытталды. Мындаған «КСРО еңбегі және қорғанысына дайын бол» белгісінің иегерлері дайындалды.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, дене тәрбиесі және спорт қозғалысы, өзінің жаңа даму кезеңін бастады. Спорт түрлерінен білікті педагогикалық мамандар мен жаттықтырушыларды дайындау ісі қолға алынды. 1946 ж. Қарағандыда жұмысшы жастардың спорттық мектебі ашылды (1954 жылдан балалардың спорт мектебі). 1958 ж. қысқы жүзу бассейні бар спорт сарайы пайдаланылуға берілді. Педагогикалық институттың жанынан 1959 ж. дене тәрбиесі факультеті ашылып, ол 1970 ж. дене тәрбиесі институты болып қайта құрылды. 1966 ж. дене тәрбиесі және спорт техникумы алғашқы талапкерлерді қабылдады. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат 1971 ж. ашылып, кейін оған Ә.Молдағұлованың есімі берілді. 70-жылдары «Октябрь» мұз айдыны спорт сарайы (казіргі «Ақжолтай») және жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. Теміртауда ескек есу клубы жұмыс істеді.
2000 жылдың 1 қарашасынан күрес түрлері бойынша «Дәулет» ОЖСМ-нің ашылуына байланысты, облыстық туризм және спорт комитетінің 30.10.2000 ж. №75 бұйрығына сәйкес, жоғары шеберлік спорт мектебінен грек-рим және еркін күрес бөлімшелері «Дәулет» ОЖСМ-не берілді.
Облыстық жоғары шеберлік спорт мектебінде спорттың 14 түрінен дайындық-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Олар мыналар: спорттық гимнастика, бадминтон, бокс, самбо, дзюдо, волейбол, велоспорт, жүзу, суға секіру, ауыр атлетика, триатлон, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және конькимен жүгіру спорты. 2001 жылдың ақпан айында спорттың дзюдо, самбо, қазақша күрес түрлерінен «Жас сұңкар» атты облыстық жас-өспірімдер мектебі ашылды. Жаңа ашылған мектептің шәкірттері жоғары шеберлік спорт мектебінің бір топ самбошы оқушыларымен толықтырылды.
Жоғары шеберлікті спортшылар мен спорт резервін дайындау; олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға тиімді жағдай жасау мақсатымен ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 3 наурыздағы «2001-2005 ж. Қазақстан Республикасыңда дене тәрбиесі және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес, облыста спортты жаңа сатыға көтеру ісіне ерекше назар аударылды. Облыстың жоғары шеберлік спорт мектебі білікті шәкірт дайындаудың аясын кеңейту ісін қолға алды. Мектепке қосымша ғимарат берілді. 2001 жылдың шілде айында, Қарағанды облысы әкімі шешімінің негізінде, облыстық туризм және спорт комитеті жанынан «Олимпиадалық дайындық орталығы» құрылды. 2002 ж. облыстың жоғары шеберлік спорт мектебінде волейбол, жүзу және жеңіл атлетика түрлерінен дайындау жаттықтыру жұмыстары жүргізілді. Осы жылы Астанада өткен ашық Азия чемпионатында Г.Папу кикбоксингтің лоу-кик түрінен жеңімпаз атаңды.
Қарағандылық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарға, спорттың әр түрінен, әрдайым қатысып отырады. Қарағанды облысының спортшылары 1964-1965 ж. республиканың 17, КСРО-ның 2 рекордын жаңартты. 1964 ж. Токиода өткен XVIII Олимпиада ойындарында палуан А. Колесов алтын медаль, Мюнхенде өткен XX Олимпиада ойындарында жүзуден В. Абоимов және велошабандоз A. Степаненколар күміс медальға қол жеткізді. 1976 ж. Монреалда өткен XXI Олимпиада ойындарында ауыр атлет Ю. Зайцев алтын медальды жеңіп алды. В. Муравьев (жеңіл атлетика) және B. Мазин (ауыр атлетика) 1980 ж. Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында екі алтын медальға ие болды. 1983 ж. жастар арасында өткен Әлем чемпионатында А.Жаппаров еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды. Еуропа чемпионатында боксшы С. Нұрқазов алтын медаль иегері болып, Әлем кубогінде күміс медальды жеңіп алса, Еуропа чемпионатына алғашкы рет қатысушы Б.Есжанов қола медальға ие болды. Лос-Анджелестегі XXIII Олимпиада ойындарымен қатар еткізілген «Достық» атты халықаралық жарыста жеңіл атлет B. Муравьев 1-орын алып, Еуропа рекордын жанартты. С. Нұрқазов күміс медальға ие болды. C. Алшынбаев жастар арасында өткен Әлем чемпионатында, Әлем кубогінде және Еуропа кубогінде медальдарды жеңіп алды. 1988 ж. Әлем біріншілігінде 10 сайыстан Э.Хямяляйнен жүлдегер атанды. 1987 ж. Еуропа чемпионатында В. Муравьев 200 метрге жүгіруден алтын медальмен марапатталып, И. Растороцкий классикалық күрестен Әлем және Еуропа чемпионаттарында алтын медаль иегері атанды.
Жезқазған қаласында Кеңгір су коймасында орын тепкен байдарка мен каноэ есуге мамандандырылған спорт мектебінде 5 халықаралық спорт шебері (Әлем чемпионы (Австрия, 1987), олимпиада жүлдегері (Сеул, 1988), А. Апанович, Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары (1994,1998) Қ. Нұрмағамбетов, С. Скрыпник, Әлем кубогының жеңімпазы (2002) А.Чебоксарова,Әлем чемпионатының қола жүлдегері В. Горовой, 23 ҚР спорт шебері тәрбиеленді. Мектеп түлектері И.Паркинен, А.Рубцов 1997 ж. Азия чемпиондары атанды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1993 жылдан бастап Азия чемпионаттарына қатыса бастады. 1994 ж. пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз А. Сивоконь және Н.Мир алтын медаль иегерлері болды. Боксшы А.Топаев Әлем кубогін жеңіп алды. 1995 ж. А. Сивоконь жастар арасындағы Әлем чемпионатында пауэрлифтингтен 5 рет әлем рекордын жаңартгы. Осы жылы Азия чемпионатына қатысқан облыс спортшылары 5 алтын медальды иеленді. Олар: Б.Әубәкіров (бокс), А.Мизуров (велоспорт), С.Қожахметов, В.Букатко, А.Никитин (пауэрлифтинг). Күміс медальды Е.Селина (жеңіл атлетика), Н.Мир (пауэрлифтинг), С.Лавриненко, С.Коннов (велоспорт), қола медаль А.Казаков, А.Козарева (пауэрлифтинг), A. Нұровтар (грек-рим күресі) жеңіп алды.
Балқаш қаласынын түлегі В. Жиров 1996 ж. Атлантада өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанды. Ол сонымен қатар олимпиада боксшылары арасында шебердің шеберіне берілетін B.Баркер кубогін иеленді. 1997 ж. олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайтын Әлем ойындарында А.Сивоконь пауэрлифтингтен әлем рекордын 3 рет жаңартып жеңімпаз атанды. Азия чемпионатында С.Мұсатаев (бокс) жеңімпаз атанса, А. Топаев (бокс), И.Морозов, А.Николайчуктер (велоспорт) күміс медальға қол жеткізді. Шығыс Азия ойындарында И. Базиев еркін күрестен қола медаль жеңіп алды. 1998 ж. самбо күресінен өткен Әлем чемпионатында А. Ломакин күміс медаль иегері атанды. Жастар арасында өткен Азия чемпионатында О.Нұрказов (бокс) және А. Өтешовтер (грек-рим күресі) қола медальды жеңіп алды. 1999 ж. Әлем біріншілігіңде М. Нығманов самбо күресінен 3-орын алды. Д.Мұңайтпасов (бокс) Азия чемпионатының күміс медалін, С.Елеуов (бокс) және В.Бердутта (дзюдо) қола медальды иемденді. III Орталық Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында,спорт мектебінен 17 спортшы қатысып, 5 спорт түрінен 28 медаль жеңіп алды (14 алтын, 11 күміс, 3 қола). 2000 ж. Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Д.Мүңайтпасов 6-орын алды. 2000 ж. жастар арасында өткен Әлем чемпионатында И.Момцилидзе (еркін күрес), Г.Головкин (бокс), 3.Дауымбаев (самбо) алтын медаль, Д.Есімханов қола медаль жеңіп алды. А.Сивоконь пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 3 алтын медаль және штангіні жатып сыға көтеру Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Велошабаңдоз К.Кузнецов Әлем кубогінде шосседегі топтық көп күндікте, құрама сапында 1-орын алды. Азия чемпионатында И.Ульева ядро серпуден қола медаль, ал М.Коржова және А.Карповалар жастар арасыңда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегерлері атанды. I Шығыс Азия ойындарыңда Қарағанды облысынан 9 спорт түрінен 25 спортшы қатысып, түрлі дәрежедегі 9 медаль жеңіп алды (2 алтын, 2 күміс, 5 қола). Жоғары шеберлік спорт мектебінен спорттың 4 түрінен 9 спортшы қатысып, мектеп шәкірттері Г.Головкин (бокс), Д. Карпов (жеңіл атлетика) алтын медальға; С.Әбікеева (дзюдо), В.Бердутта (күрес), Ю.Пахляев (биіктікке секіру), И.Ульева (ядро, жеңіл атлетика) қола медальға қол жеткізді.
Қарағанды спортшылары үшін Афинада өткен Олимпиада ойындары (2004 ж.) шындалу сыны іспетгі бөлды. Бұл сында Г.Головкин күміс медальға, С.Елеуов (бокс) және Д.Карпов (жеңіл атлетика) қола медальдарға ие болды. 2005 ж. бокстан Әлем чемпионатында С.Сапиев чемпион атанды. Сонымен қатар Қарағанды облысының басқа да бірқатар спортшылары жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.
Облыста әр спорт түрлерінен дәстүрлі жарыстар өткізіліп тұрады: еркін күрестен Н.Әбдіров жүлдесі үшін турнир; «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесі үшін жеңіл атлетика жарысы; бокстан Ғ.Жарылғаповты еске алу халықаралық турнирі; «Қарлы қыс» атты облыстық қысқы спартакиада; облыстық «Сарыарқа» жазғы ауыл спартакидасы; дзюдо күресінен Теміртау қаласында ашық республикалық «Огни Магнитки» турнирі. Қарағандының «Шахтер» футбол командасы 1958 жылдан КСРО, 1992 жылдан ҚР чемпионатында ойнайды. 2003 ж. құрылған «Қазақмыс» шайбалы хоккей командасы 2006 ж. ҚР чемпионы әрі жүлдегері, сондай-ақ РФ чемпионатының Шығыс тобында 3-орынды жеңіп алды.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың айтарлықтай және жылдам қаркынмен өзгеруіне орай, дене тәрбиесі - сауықтыру шараларын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады. Осының дәлелі ретінде,Теміртау қаласыңда қазіргі заман талаптарына сай, алуан кызметті «Mittal Still» спорт кешені тұрғызылды. «Қазақмыс» корпорациясы 2003 ж. Жезқазған қаласына Таеквондо мектебін тарту етті. 2005 ж. Жәйрем қалашығында аумағы 954 шаршы метрлік спорттық кешен тұрғызылып, онда грек-рим күресі, қазақша күрес, баскетбол, волейбол спорт түрлерінен дайыңдык жүргізіледі. «Қазақмыс» корпорациясы 2006 ж., Сәтбаев қаласында құрамында жүзу бассейні (750 орындық), мұз айдыны (2500 орындық), футбол, жеңіл атлетика стадионы және «Жастар» спорт сарайы бар спорттық-сауықтыру кешенін тұрнызды.
Дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану адамның денсаулығын жақсартып, күш-қуатын арттырумен бірге, оның адамгершілік, кісілік касиетіне де оң ықпал ететіні белгілі. Еліміздін Президенті Н.Назарбаев мемлекетімізді басқаруда, дене тәрбиесі мен спорт мәселелеріне баса назар аударып отырады. Оған дәлел ретінде, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 2002 жылдың «Денсаулық жылы» деп жариялануын және Қазақстан Республикасыңда 2001-2005 ж. дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекетгік бағдарламасы қабылданғанын айтуға болады.
 

 

 

 

Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторының жобапарын жүзеге асыруға кірісті. Ол кластерлік дамыту жолымен өз экономикасының диверсификациясына сай жүргізіледі.
Қарағанды облысында туризмнің даму тарихы осы аймақтағы спорттық туризмнің дамуымен тығыз байланысты. 1936 ж. Қарағанды қаласының 8 адамнан тұратын кеншілер тобы И. Мантейфелянын жетекшілігімен Қарағанды — Мәскеу велосипедтік шеруіне қатысты. 1947 ж. Қарағанды тау-кен техникумында Н.В. Пагануцийдің ден қоюымен облысымыздың алғашкы спорттық туристік секциясы құрылып, Балқаш көлі — Мыңарал — Шу - Іле таулары — Ташкент өңірлерінде саяхаттар жүргізіле бастады. Памир — Алтай тауларына алғаш 1948 ж. саяхат жасалып, Фан тауларын зерттеудің негізі қаланды. 1958 ж. Болгар-Кенес экспедициясы Памир тауына 1-рет, 1959 ж. 2-рет экспедиция жүргізді. Осы кезенде Қарағандыда (1960 ж.) облыстық кәсіподақ кеңесінің жанынан туризм және экскурсия бойынша облыстық кеңес құрылып, А.Г. Левин төрағалыққа сайланды. 1962-1964 ж. Қарағандының политехникалық, медициналық, кооперативтік институттарында, Жезқазған қаласында туристік секциялар ашылды. Ал, 1963 ж. құрылған туристердін қалалық клубы Қарағандыда бүгінгі күнге дейін қызмет етуде. 1970 ж. ең үздік таулы саяхат республикалық конкурсында Н.Н.Ениннің жетекшілігімен қарағандылықтар ұйымдастырған 5-дәрежелі күрделіліктегі тау маршруты ең жоғары бағаға ие болды. Кеңес Одағында Тянь-Шань тауларына алғаш ұйымдастырылған саяхат Теміртаудың қалалық туристік клубы негізінде В.И. Аврамецтің жетекшілігімен жүргізілді. 1975 жылдың корытындысы бойынша «Магнит» туристер клубы қазақстандық туристер клубының арасындағы сайыста бірінші орынды иемденді. 1975 ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 30 жылдығына арналған алғашқы велотуриада жүргізілді. Қазақстанда алғаш Теміртау қаласының Карметкомбинат каналында су туризмінің техникасы бойынша облыстық жарыстар өткізілді. 1976 ж. облыстың А. Онучин жетекшілігіндегі велосаяхатшылар командасы жылдың үздік велосаяхаты ретінде КСРО чемпиондарының медалімен марапатталды. Кавказдың Казбегінде өткізілген КСРО біріншілігінде Республика командасы бірінші орынды иемденді. Команда құрамында Одақ чемпионы болған, теміртаулык Н. Рекубратский болды. 1981 ж. Қарағанды облысы велотуристерінің командасы (бапкер — Л.А. Сенин) Қазақстан Республикасынын велотуристерінің алғашкы слетінде республика чемпионы болды. 1984 ж. Қарағанды облысында спорттық туризмнің 28 секциясы, 6 туристер клубы қызмет атқарды. Бір жылда 2500-ден астам адам қатысуымен 164 спорттық саяхат өткізілді. Кеңес Одағының барлық аймақтарында дерлік жаяу, таулы, су, шаңғы, велосипед, мотоцикл туризмі болды. Қарағандылық туристердің маршруттары Камчатка, Карелия, Полярлық, Орал, Алтай, Тянь-Шань және Памир таулары арқылы өтті. 1900-1985 ж. аралығында Қарағанды облысынын командасы барлық республикалық жарыстарда жыл сайын жүлдегерлік орындарды иемденіп отырды. Жаяу және тау туризмі бойынша команда мүшелері республика чемпионы, ал С.П.Кистанов КСРО Орта-Сібір аймағының су саяхаты чемпионы атанды. 1900-1996 ж. Қарағанды облыстық туристік клубы спорттық туризмді дамытуды әрі қарай жалғастырды. Қарағандылық туристер Жоңғар, Солтүстік Тянь-Шаньға, Балқаш көліне саяхат, Іле, Саяндағы Онот, Китой, оңтүстік Қазақстандағы Шарын, Кырғыз жеріндегі Шонг-Кеминг өзендерінде байдарка жарысын өткізді.
Теміртау қаласында Л.В. Пунченко жетекшілігіндегі «Горизонт» балалар мен жасөспірімдер туристік клубы қызметін жалғастыруда. 1988 ж. Е. Галкиннің бастамасымен құрылған «Менің Отаным — Қазақстан» атты туристік-географиялық экспедициясы жыл сайын өткізіліп тұрады. Экспедиция Каспий, Алтай, Шарын өзенінің жазықтығымен шектелетін маршруттарды автокөлікпен жүріп өтті. Туризм және спорт комитеті 2001 ж. Қазақстанда алғашкы рет балалар мен жасөспірімдердің спорттық туризм бойынша облыстық спорт мектебін ашты. Мектеп оқушылары туризм бойынша облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер және жеңімпаз атануда. Турист-кеншілер командасы Шымкенттегі таулы туризм бойынша республикалық жарыста чемпион атанды. Облыстық туризм және спорт комитеті туризм бөлімінің басшылығымен облыстық туристік клубтың туристерінің «Сарыарканың көне мазарлары» атты экспедициясы (Қоңыр-Әулие үнгіріне) өткізілді. 2006 ж. Қарағанды облысының дене тәрбиесі және спорт департаменті облыстық спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясымен бірігіп 400 адам қатысатын облыстық 4 жарыс, тау және жаяу туризм слетін өткізу жоспарын қарастырды.
 

Қарағанды аймағы бойынша туристік қызметтің 2000-2005 ж. аралығындағы жүйелік кезеңі келесі көрсеткіштермен сипатталады: қызмет көрсетілген туристердің орташа жылдық көрсеткіші 24,75%-ға өскен, соңғы жылдары бұл көрсеткіштің жоғарылай түсуі байқалады. Сонымен қатар туристік қызметтен түсетін табыс мөлшері өсуде. Жыл сайын сатылған жолдамалардың орташа жылдық мөлшері 33%-ды құрайды.
Туристер шығатын сапарларының ыңғайына қарай - турист-резиденттер (ішкі туризм): тынығу, жер керу мақсатында келгендер — 22%; туыстар мен таныстарға келушілер — 47%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер — 4%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) — 25%; сауығу мақсатыңда, емделу туризмі — 0,4%; тағы баска мақсатпен келушілер — 2%; Турист-резидент еместер (сыртқы сапар туризмі): тынығу, жер көру мақсатында келгендер —57,6%; туыстар мен таныстарға келушілер — 1,8%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер — 18%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 18%; тағы басқа мақсатпен келушілер - 4,6% болып негізгі екі топка бөлінеді. Қарағанды облысы өңіріндегі туристік сапарлар дамуының жалпы сипаты мына көрсеткіштерді аңғартады:
1. Турист-резиденттер бойынша тынығу, жер көру мақсатымен келген туристердің саны жылына орта есеппен 2 есе өсуде, таныстар мен туыстарға келу жылына 3 есе, коммерциялық мақсатта келушілер 2 есе өсуде сауығу мақсатында келушілер 30% өскен;
2. Турист-резидент еместер туралы тек іскерлік мақсатпен келушілердің санының жылдық орташа көрсеткішінің 23,5%-ға өскендігімен сипатталады.
Туризмнің дамуы туристік инфрақұрылымының, оның ішінде қонақ үйлердің, көліктің, ойынсауық орталықтарының, мейрамхана, кафе секілді демалыс орывдарының қызмет көрсету сапасының жоғары болуын талап етеді. Облыс бойынша мейрамханалар мен қонақ үйлерде қызмет көрсетілген туристердің саны жыл сайын өсуде. Оның орташа жылдық көрсеткіші 14%-ды құрайды. Облыс бойынша қонақ үйлердегі қонак қабылдайтын нөмірлер саны да көбеюде. Сондай-ақ олардың қонақты бір мезетте қабылдай алу мүмкіндігінің өскендігі де байқалады, оның жылдық орташа көрсеткіші — 17%, ал тәуліктік қонақ қабылдау деңгейі де жыл сайын артуда, оның көрсеткіші — 19%.
Туризм адамдардың ел ішінде және оның сыртында бір жерден екінші жерге баруына, сапар шегуіне жағдай жасайды. Туризмдегі негізгі мәселенің бірі — көлік қатынасының дамуы. Жолға шығу кезінде турист көлігінің кауіпсіздігі, жылдамдығы, жайлылығы ескеріледі. Қарағанды облысына келген туристердің 82,7%-ы әуе көлігін; 2,1%-ы темір жолды және 15,2%-ы автокөліктерді пайдаланатыны мәлім болып отыр. Әуе көлігінің жолаушы тасымаддау кабілетін анықтайтын сапалық параметрге жолаушы-километр өлшемі қолданылады, осы көрсеткіш бойынша жылдық орташа өсу 13%-ды құрайды. 1980 ж. іске қосылған «Сарыарқа» әуежайы Қарағандыны жақын және алыс шетел қалаларымен байланыстырады. Әуежай екінші сыныптық деңгейде. Ол барлық ұшақ түрлерін қабылдап, ұшыра алады.
 

Қарағанды облысы Сарыарқа тарихи-географиялық аймағының негізгі бөлігін құрайды. Мұнда Алашахан және Жошы хан кесенелері, көшпелі қазақ халқының өркениеті мен мәдениетінің орталығы - киелі Ұлытау, Қазақстанның маржаны — Қарқаралы таулы-орманды оазисі, Балқаш көлі, атақты Қоянды жәрмеңкелері және Ұлы Жібек жолының тармағы, Ұлытау, Кент, Бақты, Қызыларай таулары мен Сарысу, Нұра өзендері орналасқан.
Бұл өңір — туған жер данқын әлемге паш еткен көптеген ірі тұлғалардың кіндік қаны тамған жері. Әйгілі Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, Сана би, сазгерлер Тәттімбет пен Мәди, ақын Қ. Аманжолов, суретші Сахи, ұшқыш Н.Әбдіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров, жазушылар С.Сейфуллин, Ғ. Мұстафин, ғалымдар Қ.Сәтбаев пен Е.Бөкетовтың және т.б. ұлылардың туған мекені.
Қарағанды мейрамханалары мен дәмханаларында еуропа және шығыс тағамдарынын алуан түрі әзірленеді, мұнда қызмет көрсету жоғары деңгейде. Туристерге бильярд залдары, «Арман» боулинг орталығы, көмір департаментінің теннис орталығы, аквапарктер мен сауналар қызмет етеді. Жаз мезгілінде аквалэндте суға шомылуға және күнге қыздырынуға мүмкіншілік бар. Қала қонақтарын қарсы алуға «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы этнографикалық, саябақ, орталық мәдени және демалу саябағы мен Жауынгер-Интернационалистер саябағы әр уақытта дайын.
Әнсүйер қауым үшін «Шалқыма» концерт залында атақты композиторлар, дирижёрлер, әнші-орындаушылар концерттік бағдарламаларын көрсетеді. Туристерді сурет өнерінің мұражайында, көрме залдары мен артгалереясында Қазақстанның дарынды суретшілерімен, мүсіншілерімен таныстырады. Мұражай 1800 шаршы метрді құрайтын 18 көрме залынан, тарихи және табиғи 2 экспозициялық бөлімнен тұрады. Онда Орталық Қазақстан аумағының палеолит және неолит дәуіріндегі жәдігерлері, 100-ден астам палеонтологиялық экспонаттар, сонымен қатар біздің заманымызға дейінгі 18-15 ғасырлардағы ескерткіштер орын алған. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ежелгі Сарыарқа мәдениетінін өзіндік дамуына арнайы көңіл бөлінген. Мұражайдағы экспозициялар уақыт ағымына байланысты жаңартылып отырады.
 
Қарқаралы — Қарағанды облысының ең көне әрі мәңгі жас қаласы. Онын тарихы тау өзенінің жағасына ірге тепкен шағын елді мекеннен басталады. Орталық Азиядан Сібірге осы елді мекен арқылы керуен жолдары өткен. Қарқаралы — Қазақстанның Швейцариясы. Қарқаралы қаласы Қарқаралы тауының етегіңде, теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан. Қаланың іргесі 1824 жылдың тамыз айында қаланған, қазіргі кезде мұнда тұратын халықтын саны 10300 адам (2005). Қарқаралыға Ш. Уәлиханов, Г. Потанин сынды ағартушы ғалымдар, әдебиет және мәдениет қайраткерлері мен саясаттанушылар ат басын тіреген. Осыдан 100 жыл бұрын танымал ғалым Г. Потанин тоқтаған саудагер А. Рязанцевтің үйі қаладағы тарих және мәдениет ескерткіштері санатына жатқызылған. Қарқаралының тарихы қазақтын ұлы ақыны, ағартушы, ақын-аудармашы, композитор және ұстаз Абай Құнанбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның әкесі Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай қажы қалада мешіт салдырып, қайырымдылықпен атын шығарған. Ұлы Абай тұрған үй де қайта қалпына келтіріліп, тарихи және мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Бүгінде Қарқаралы Қазақстанның экономикалық және мәдени өміріңде ерекше орын алып отыр. Мұнда 10-нан астам демалыс үйлері мен демалыс орындары қызмет істейді. Жыл сайын күзде Орталық Қазақстан туристерінін слёті өтіп тұрады. Қарқаралының табиғаты ерекше сұлу. Қарқаралы таулары — өлкенің ең үлкен қазынасы. Кішкене оазисте мындаған табиғи мүсіндер орын тепкен. Қарқаралының тылсым табиғатын Суықбұлақ көркейте түседі. Бұлақтың суы табиғатынан жеңіл ғаздалған және секундына жарты литр қысыммен шығады. Судың жаздағы температурасы — +6° С. Бұлақ суының температурасы қысы-жазы бір деңгейде. Үлкен және Кіші Қарқаралы өзеңдері қосылып, Құрөзек арнасымен ағады. Қарқаралы жері көлге бай, олардың екі түрін атап кетуге болады: далалық және таулық. Бірінші топқа Жартас, Ащыкөл, Бастыбай, Қойтас, Таскөл, Шалқарбай көлдері жатады. Бұл көлдердің суы тұзды болғандыктан сары қыраттарда тұздың ақтандақтарын байқауға болады. Сондай-ақ таудағы Шайтанкөл, Астаукөл (Бассейн), Самалкөл (Пашенное), Үлкен көл сұлулығымен көз тартады. Аймақ еменді ну орманға бай.
Кенді өлке Жезқазған жерінен 1500-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер мен мұралар табылған. Әсіресе олар Сарысу, Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендерінің жағалауыңда көптеп кездеседі. Жезқазғанның біртұтас тарихи-мәдени кешеніне қалалық тарихи-археологиялық мұражайы, балқыту және тау-кен ісі тарихының мұражайы, Жезқазған жер қойнауының байлығын ашқан, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.Сәтбаевтың үй-мұражайы енеді.
 

Балқаш
Балқаш көлін қазақстандыктар «Көктеңіз» деп атайды. Балқаш — жер бетіндегі ежелгі көлдердің бірі. Көл жағасында шипажайлар шоғыры және демалыс базалары жайғаскан. Қала сыртында 3 жағажай жұмыс істейді. Жыл өткен сайын Балқашта демалушы адамдар саны артып келеді. Мұнда су спорты, жүзу, қайық есу спорты, спорттық балық аулау дамыған. Әсіресе, судың астында балық аулауға қызығушылық мол.
Қасиетті Ұлытау тауы — қазақ халкының тарихи орталығы, көшпелі дала өркениетінің мәдени ошағы. Ежелгі таудың қасиеттілігі қазақ тарихының калыптасуына себепкер болған маңызды ұлттык окиғаларға байланысты. Табиғаты әсем, көрсең көз тоймайтын Ұлытау — көшпелі ұлыстар мен хандардың сүйікті жері. Мұнда Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы ханның ордасы болған. Батый хан батысқа өз шапқыншылық жорығын осы жерден бастаған. Ұлытауда Алашахан мен Жошы ханға кесенелер тұрғызылған. Мұнда Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ, және Өзбекстанның ауыз әдебиетінде жиі кездесетін Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, орданың ұлы қолбасшысы, сардары Едіге батыр жерленген. 1391 жылдың көктемінде жарты әлемді басып алған Әмір Темірдің осы жерде болғаны туралы естелікті Алтыншоқыға тас жазба белгі орнату арқылы қалдырған. Казақ хандарын ақ киізге орап хан көтерген Хан Ордасы өткен тарихымыздың айшықты белгісі.
Ұлытау ескерткіштері палеолит, неолит және қола дәуіріне жатады. Қарағанды облысының Ұлытау ауданы шетелдік туристердің Меккесіне айналып отыр. Ол шетелде тұратын қандас бауырларымыздың кызығушылығын да тудыруда.
Қарағанды облысының аумағында 60-ка жуық сүтқоректілер, 200-ден астам құстар мен 20-ға жуық балықтың түрі мекен етеді. Бүгінде Қарағанды облысында 24 табиғатты пайдалану ұйымы бар, оларға 20 млн га табиғаттың көрікті өңірі бекітілген. Әр шаруашылықта аңшылыққа рұксат-жолдамалар беріледі, мұнда қорықшылар қызметі ұйымдастырылған. Туристерге, әуесқой аңшыларға, натуралистерге республика аумағында өз қалауынша Қазақстан Республикасының аңшылық ережесіне сәйкес еркін аң аулауына жағдай жасалынған.
Қазіргі кезде қазақтың бүркітпен саятшылық кұру дәстүрі жанданып келеді. Бүркіт т.б. қыран құспен аңға шығу да туристердің ерекше қызығатын сейілінің бір түріне айналып отыр. 1995 ж. Ақсу-Аюлыда өткен қыран құс салбурынына Қырғызстан, Монғолия, Австрия, Голландия, Германия, Франция, Англия, Бельгия, Ресей саятшылары қатысты.[1]
 

 

 

 
  Сары-Арка – так называют жители Казахстана территорию Центрального Казахстана. Карагандинская область очерчена линией возвышенностей, вдоль которой расположены горные массивы: на востоке Кызыларайские горы, на севере-востоке Каркаралинские горы, на западе – горы Улытау. Южная граница области отмечена глинистой пустыней Бетпак-Дала и Туранской песчаной низменностью, называемой Приаральские Каракумы, с юго-восточной стороны область омывается водами озера Балхаш.
 
  
 

 

ОПИСАНИЕ
 
Караганда расположена в самом центре Казахстана и является административным центром Карагандинской области. Караганда выросла из основанных в 19 веке небольших посёлков, в окрестностях которых добывался уголь. Развитие город получил в 20-40 годы 20 века благодаря всё тем же угольным месторождениям. Примерно в это же время в окрестностях Караганды появились печально известные лагеря для политзаключённых АЛЖИР и Карлаг.
 
В городе стоит посетить Областной историко-краеведческий музей, занимающий 14 залов, в которых представлены экспонаты по истории региона, Областной музей изобразительного искусства с коллекциями живописи, графики, скульптуры и декоративно-прикладного искусства, Карагандинский экологический музей, рассказывающий об истории и последствиях ядерных испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне, об истории космодрома Байконур и об единственном в Евразии противоракетном полигоне Сары-Шаган, и один из старейших зоопарков республики, основанный в начале 20 века.
 
Восточнее Караганды находится Каркаралинский Государственный национальный природный парк, где представлено всё природное разнообразие Казахского мелкосопочника, или, как его называют в Казахстане, "Сарыарка". Местные ландшафты очень разнообразны: здесь друг с другом соседствуют горы, леса, степи, пустыни и озёра.
 
В западной части Карагандинской области расположены горы Улытау (Великие горы), которые считаются историческим центром казахского народа. Здесь были обнаружены многочисленные стоянки первобытных людей, памятники палеолита и эпохи бронзы, остатки поселений кочевых племён: гуннов, древних тюрков и огузо-кипчаков. Горы Улытау являлись местом сбора татаро-монгольских войск, отсюда совершали свои походы такие известные потомки Чингисхана, как Жошы Хан, ханы Батый и Тохтамыш и эмиры Едыге и Тамерлан.
 
Из Караганды устраиваются экскурсии на юго-восток области в город Аксу-Аюлы. Здесь расположено специализированное хозяйство по выращиванию и дрессировке ловчих птиц-беркутов и соколов, где туристам предлагается посмотреть на традиционную охоту с ловчими птицами.
 

Центральный Казахстан
Центральный Казахстан (Карагандинская область) – Сердце Казахстана, его площадь398,8 тысяч квадратных километров. Этот регион – сокровищница природных богатств. В центральном Казахстане (Карагандинская область) расположено одно из самых больших озер мира - озеро Балхаш, уникальный Каркаралинский горно-лесной оазис. Любителей горных видов туризма не оставят равнодушными виды живописных гор Улытау. В крае много памятных мест, в которых сохранились археологические и этнографические объекты. Центральный Казахстан - это земля, где встречаются тысячелетия. Последние археологические раскопки свидетельствуют о том, что степи Сарыарки были включены в торговую и культурную сферу Великого Шелкового пути. Свидетельством тому служат вещи индо-китайского и среднеазиатского происхождения, найденные в нашей области
Сарыарка
Привольно и широко раскинулись степные просторы Сарыарки: живописные гранитные массивы гор Каркаралы, Кент, Кызылрай на востоке до озера Тенгиз и гор Улытау на западе, от реки Ишим на севере до пустыни Бетпак-Дала на юге простирается широкая степь, которой казахский народ с древних времен присвоил поэтичное имя Сарыарка, что значит "желтый хребет". Природа щедро одарила землю. Ее недра богаты полезными ископаемыми. Здесь, в самом центре евразийского материка, протянулись летние и осенние пастбища, голубым цветом сияют горы и сопки. На просторах Сарыарки, помимо озера Тенгиз, насчитывается более двухсот озер, где обитают журавли, лебеди, цапли, утки, гуси.
Каркаралинский государственный национальный природный парк
Название гор Каркаралы произошло от названия национального головного убора девушек-казашек — каркары, искусно расшитого бисером, бусами, шелками, украшенного бархатом, парчой и увенчанного султанчиком из совиных перьев. И как блестящая каркара—всеми цветами радуги сияют Каркаралинские горы. Высота их сравнительно невелика: высшая точка— трехглавый Комсомольский пик—имеет 1403 м над уровнем моря, а над окружающими сопками он поднимается на 400—500 м. Покрыты горы сосновым и березовым лесом, разнообразной травяной растительностью. О необычной красоте здешних мест хорошо говорят названия утесов, гор, долин, озер, рек, которые им дал народ-сказитепь. Вершина Соколиная, гора Оленья, сопка Рыжая борода, утес Красная скала, озера Зеркальная падь, Пашенное, Шайтан-коль (Чертово озеро)...
 

  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Удивительная природа горно-лесного оазиса Каркаралы
 

 

 

 

 

 

 

 

Дата: 2012-04-11 Просмотров: 4211 Загрузок: 1 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: