Сақтар

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Мазмұны
1 Қоныстанған жерлері
2 Соғыстары
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
 
Қоныстанған жерлері
Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.
Соғыстары
Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2689 Загрузок: 1 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: