Отыншы Әлжанов

Отыншы Әлжанов 1873 жылы Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысында туған Әкесі Әлжан Сақауұлы дәулетті әрі ықпалды болыс болған екен. Көзі ашық әке баласының ата дәулетіне арқа сүйеп, өз қатарынан қалып қоймауы үшін оны елдегі жақсы адамдардан үлгі алып, өнер білім іздеуге баулыды. Алаш қозғалысының көр­нек­ті өкілі, Алашорда үкіме­тінің мүшесі, Жетісудағы алаш қозғалысының басшы­ла­рының бірі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі.
 
1873 жылы 12 тамызда Се­мей облысы, Зайсан уезі, На­рын болысының №6 ауы­лын­да ауқатты отбасында туған. Омбы облыстық архи­вінде сақталынған Омбы мұғалімдер семинариясын­дағы іс-қағаздарында Отын­шыны 1875 жылы туған деп көрсетеді.
1882-1887 жылдары Зай­сан­­дағы қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп­те,
1887-1890 жылдары Омбы уездік училищесінде оқып,
1894 жылы Омбы мұ­ғалімдер семинариясын бас­тауыш мектеп мұғалімі деген атақпен бітіріп шығады. Отын­шының қолы шебер болуы керек, себебі қолөнер сабағынан үнемі мақтау қағазын алып отырған екен. Семинария бітірісімен Дала генерал-губернаторы кең­се­сінің қызметкері,
1895-1897 жылдары Ақмола об­лыстық сотының аударма­шысы болып қызмет атқа­рып,
1897 жылы 3 айдай Ат­басар уезін­де бүкілресейлік халық сана­ғын жүргізуге қатыса­ды. Соңғы қызмет орны, Омбы округтік со­тында 1898-1907 жылдары аудар­машы болады.
 
О.Әлжанов семинарияда оқып жүрген кезден бастап, «Дала уалаяты» газеті және басқа да баспасөз беттерінде оқу-ағарту саласы бойынша, сайлау кезіндегі ру тартысы мен жікшілдіктің зиянды­лы­ғы жөнінде, шаруашы­лық­ты өркендету, қазақтың әдет-ғұрып заңдары туралы көкейкесті мақалалар және ауыз әдебиеті үлгілерін жариялап отырды.
 
1905 жылы Санкт-Петер­бург­те өткен «Шығыс бұра­таналарын» оқыту мәселе­лері бойынша Ерекше мәжі­ліске «Дала уалаятындағы» қа­зақ мұғалімдері атынан О.Әлжанов сөз сөйлеген. Екінші бір,
1907 жылы өткен мәжілісте де Отыншы тағы да сөйлеп, «бұратана халық­тарды» оқыту туралы «Ере­жеге» сын айтып, қазақ мек­тептерінің жұмысын қадаға­лайтын инспекторлық орын­ға қазақ мұғалімдерін таға­йындау, қазақ мұғалімдері­нің құқын және діни сабақ­тарды беретін мұғалімдердің жалақыларын орыс мұғалім­дерінің құқы мен жалақы­ларымен теңестіруді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салады.
 
Осы мәжілістен оралған ол туған еліне пайдасын тигізбек ниетпен А.Е.Алек­торовтың жәрдемімен 1907 жылы Көкпекті 2-кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайын­далады, әмбе Өскемен, Зай­сан уездеріндегі қазақ мек­тептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады. Мек­теп ісін жолға қоюда көп­теген шаралар ұйымдас­тырып, мектеп ашуға ел бай­ларын жұмылдырады. Көкпектіде ол тек ұстаз­дық­пен айналыспай, істі болған, зәбір-жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқта­жын жоқтап, оларға нақты көмек береді. Көкпектіде тұ­рып жатқан орыс мұжық­тары мен татар көпестері және қала тоғышарлары қала маңайында қазақтар­дың жаз жайлауға шығатын жерлерін ешқандай ақы тө­лемей қалай болса, солай пайдаланып, қазақтарды ба­сынып, астамшылық жасап, құқықсыз адам санатында қарады. Бұған ашынған О.Әл­жанов заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға кіріседі. Оқыған қазақтың бұл әділетті қимы­лынан қауіптеніп, орыс ке­лім­сегі мен татар саудаге­рінің атынан пәле-жала ұйымдастырылып, О.Әлжа­нов 1909 жылы 5 жыл мер­зімге Жетісу облысының Леп­сі уезіне жер аудары­лады.
 
1916 жылғы көтерілісте елге тоқтау айтып, бос қан төгілуден сақтандырады. Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкі­мет­тің Лепсі уезі комис­сарының орынбасары бола­ды. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене арала­сады.
 
Жетісу қазақтары атынан Құрылтай жиналысына де­пу­таттыққа ұсынылады.
 
Желтоқсандағы съезде жалпы, қазақ атынан Алаш­орда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Жетісу облыстық қазақ съездерін ұйымдас­тыруға қатысып, Алматыда автономия қамымен мили­ция жасақтамақ болып жүр­генде большевиктер тарапы­нан Ы.Жайнақов, С.Саба­таев үшеуі тұтқындалады. Осы мәселеге байланысты Алаш қайраткерлері, тіпті Мәскеудегі Кеңес өкіметінің алдына мәселе қояды да кейін абақтыдан босатылып, Лепсі жаққа келеді.
 
Азамат соғысы жылдары Лепсіде жұтаған елге көмек көрсету комитетін құрады. Милиция жасақтап «Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем-тіріл­сем де бірге көремін», – деп елді қорғауға бел байлайды.
 
Өзінің жігіттерімен Жетісу өлкесінен Қытай аспақшы болып Үржар маңайындағы Науалы қыстағында қызыл партизандармен қақтығы­сады. Отыншы Көктұма өзе­нінің бөгетіне салынған су диірменінің басына шы­ғып, көп атысады. Жау диір­менге от қояды. Отыншы сол отта ерлікпен қаза табады. Бұл оқиға 1918 жылы 21 та­мызда болған. Оны Семейге жеткіз­ген Б.Мәметов пен Ы.Жай­нақов. «Абай» жур­налы «… Алаш баласына Отын­шы­ның шығыны бата­ды. Орны ой­сырайды. … Же­ті­судағы аға­йындарға бас­шы­сынан, кө­се­мінен айы­рыл­ғаны жан ауыртарлық іс бол­ды. Тағ­дыр­ға шара бар ма?» деп бас­қар­ма атынан азалы сөз жаза­ды.

Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2895 Язык: на казахском языке

  • X
    Ваше имя:

    Ваш email: