Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу
Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу (1878-1938) – Тарихшы, ағартушы. Чоң-Кеме аңғарында туған. Қарақол орыс-түзем мектебінде, Пішпекте қырғыздарға арналған бағбандық мектебінде оқыған.
1916 жылы Атаке болысының болыс басқарушысы болып сайланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, басқа көтерілісшілермен бірге Қытай асып кетеді. 1917 жылы қайтып келеді.
Жетісуда кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1920-24 жылдары солтүстік Қырғызстанда оқу-ағарту жұмысымен айналысқан.
1924 жылы қырғыз босқындарының істерімен Шығыс Түркістанда (Құлжа) болып қайтқан.
1927-37 жылдары Қырғыз АКСР Халкомсовының ғылыми қызметкері. Шежіре деректері мен еуропалық әдебиет материалдарының негізінде қырғыз халқының тарихы бойынша еңбек жазуға тырысты. Оның «Кызыл кыргыз тарыхы» (басқаша атауы – «Кыргыз-казак тарыхы») деген қырғыз тілінде араб графикасымен жазылған бірегей еңбегі Кенеш Жусуповтың арқасында ғылыми айналымға енгізілді, кейін екі том болып басылып шықты (Бишкек, «Учкун», 1993)
1937 жылы жазықсыз қамауға алынып, 1938 жылы атуға үкімделді. 1955 жылы ақталды.
Тағы рефераттар
Дата: 2012-11-14 Просмотров: 2400 Язык: на казахском языке
Ваше имя:
Ваш email: