Археологиялық ескерткштер
Археологиялық ескерткіштер
Египет көптеген жылдар бойы еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілерді өзіне тартты. Оған деген қызығушылық әсіресе, қайта өрлеу кезеңінде көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы философ Дж. Бруно ежелгі Египет мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап өтеді. ХІІІ ғасырдың ортасында Покок, Норден, Брюс Египетте болып, патшалар жазығындағы пирамидалар туралы сипаттайды. Бірақ 1798 жылы Напалеон Бонапарттың әскери экспедициясынан кейін ғана, ежелгі Египет мәдениетінің мұралары шынайы зерттеле бастады. Бұл экспедициядан кейін «Описание Египта» деген көп томдық еңбек жарық көрді. Кейбір зерттеушілер египеттік жазулар құпиясын ашуға кірісті. Олардың қатарында француз филологы Ф. Шампальонды ерекше атауға болады. Ол жазу құпиясын ашып, египтологияның негізін қалады. Зерттеуші алғашында әр түрлі фактілік материалдарды-жазулар, суреттерді жинастырды. Ол Мысыр халқының шаруашылығы, мемлекеттік құрылысы, ғылымы мен білімінің дамуы, қолөнері туралы да зерттеді. Ғалым Египетте сақталған барлық «этнографиялық рельефтерді, астрономиялық суреттер» иероглифтік жазулардың көшірмесімен қалдырды. 1828 жылы ол Египетке 1,5 жылдық экспедициямен келіп, «Памятники Египта и Нубии» атты еңбегін шығарды. Ол алғаш болып египет тілінің грамматикасы мен сөздігін құрастырды.
ХІХ ғасырдың ортасында неміс ғалымдары Лепсиус және Бургум барлық Египетті және Синай түбегіне жақын аймақтарды-Палестина мен Нубияны зерттеді. Экспедиция барысында көптеген археологиялық ескерткіштер жиналды. Лепсиус және оның серіктерінің зерттеулері нәтижесінде «Памятники из Египта и Эфиопии» атты монументальды еңбегі жарияланды.
Эпиграфиялық құжатты деректер
Табыну текстері – өлілер кітабы (қақпалар кітабы, күн кітабы, түн кітабы) Әдебиет: хордың Сетпе дауы, Аменемопе ілімі, екі ағайындар туралы ертегі, Унамунның Библияға саяхаты.
Ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін ең ескі құжат –Библия жеткен еді. Ортодоксальды шіркеу дәстүрінің айтуы бойынша Пятикнижьені Моисей, Иисус Навина кітабын Иисус Навик, Руфь, Судия, І мен ІІ патшалық кітаптарын Самуил, Притча, Экклезиастаны Соломонға жүктейді. Ал Ветхий Заветтің басқа қалған кітаптарын атауларына сәйкес Исайя, Даниил, Иускиил жазды деп тұжырымдайды. Библия Израиль, Египет және жақын аймақтарының тарихынан көптеген мағлұмат береді. Бұл мағлұматтарды дәлелдеу немесе жоққа шығару қазіргі таңда археологияның бір бөлігі болып табылады. Библиялық археологияның зерттеу аймағы бірінші ретте Палестинада, ерте христиандық тез тараған деп санайтын – Египет болып келеді. Сонымен қатар, объектер қатарына Ежелгі Қосөзенді құраған Ассирия мен Вавилон жатады. Кіші Азиядан Ветхий Завет жайлы көптеген мәлімет алуға болады. Ал Италия территориясы «Новый Завет» жақын болғандықтан библиялық археология зерттеу жұмыстары өтпеген. ХІХ ғ. ортасында Месопотамияда археологиялық зерттеу қазба жұмыстарының пионерлері ретінде ағылшын Рич, Лэйярд және Францияда қызметте жүрген итальян Ботта алдыңғы орынға шықты. Олар кез келген қаржы көздеріне қазба жүргізіп, қызығушылар қатарына жатты. Себебі, біріншісі-коммерсант, ал қалған екеуі консулдық және дипломатиялық аппарат қызметкерлері еді. Әр қазба орындарына ставка қойып, пайда табу мақсатында қала орындарын тапса, оларды Библия қалаларының атауларына сәйкестірді. Библия елдерін археологиялық зерттеу үшін арнайы ұйымдасқан қорлар мен одақтар құрыла бастады. Солардың қатарына 1865 жылы құрылған Палестиналық зерттеу қорын жатқызуға болады. Қазіргі күнде, осындай ұйымдар саны жиырмаға жетті: Израильдік зерттеу қоғамы, Ватикан библиялық институтының Иерусалим филиалы және т.б. Аталған елдер территориясында қазба жұмыстарын жүргізу, әрине, қызықты, бірақ та негізгі мақсат библияда жазылған тұжырымдамаларды заттай түрде дәлелдеу керек екенін ұмытпаған жөн. Осындай пікірді ұстанған ағылшын зерттеушісі Пол Илтон былай дейді: «Великие учителя… вдохновили меня на то, чтобы заняться археологией со специальной целью: подтверждение Библии». Библиялық археолегияда ірі зерттеуші ретінде танымал американ Уильям Олбрайт: «не может быть сомнений в том, что археология подтверждает существенную историчность ветхозаветной традиции» деп жазса, Нельсон Глюк: «почти невероятно точных исторических свидетельствах Библии нет никакого археологического свидетельства» – деген пікір білдірді.
Төменде іс жүзінде археологиялық мәлімет саны көбейген сайын, Библияны дәлелдеу қиынға соғуда. Енді қандай дәрежеде археология шындық екенін көрейік.
Ной қайығының шындығы. Бізге Ной қайығының Кавказдағы Арарат тауына тоқтағанына және суық ауа-райының нәтижесінде оның сақталғаны белгілі. Вернер Келлердің мәліметі бойынша Арарат тауының жанындағы армян селосы Вайзитте шопанның тау басынан ағаш қайықты көргені жайлы аңыз кең тараған. 1833 жылы түрік экспедициясы жаз уақытында ағаш қайықты көргені, ал 1892 жылы Ефрат өзенінің көзін анықтауға шыққан доктор Нури бастаған экспедицияның мәңгілік мұздар арасынан қайықтың қалдықтарын аңғарып: «Внутри он был полон снегом, наружная стена –темно –красного цвета» деп сипаттаған. Сонымен қатар, І Дүниежүзілік соғыс кезінде орыс офицер-авиаторы Росковицкий самолет бортынан қайық қалдықтарының барын айтады. ІІ Николай бұл хабарды естіп, жіберген экспедициясының оны тек қана көрмей, фотаға түсіргені де белгілі. Осы мәселені зерттеп жүрген американ тарихшысы және миссионері Аарон Смит 80 мың ғылыми жұмыс жазып, 1951 жылы оны іздеуге шығады. Арарат шыңында 12 күндей жүріп, бірақ ешнәрсе таппайды. 1952 жылы осындай мақсатпен Жома де Рике жетекшілігімен жүргізілген іздеу жұмысы сәтсіз аяқталады. Бұл факт Библияда атап көрсетілген географиялық пункттер мен оқиғалардың тарихи шындықпен жанасатындығы немесе жанаспайтындығы туралы мәселенің тек кішкентай ғана бөлігі.
Соддам және Гонар. Библия аңызына сәйкес Соддам мен Гонар қалалары толығымен талқандалғаны жайлы мағлұмат береді. Кейбір жағдайда бұл оқиғаны, космостан келген бейтаныстар қаланы ядролық жарылыспен жер бетінен жоғалтты, дейді. Алайда, өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде 400 м. тереңдікте ағаш қалдықтарына ұқсас үгінділер табылған. Американ археологы Д. Финегану, кейін В. Кеплер Соддам мен Гонар апатты өртпен байланыстырып, ал қалдығы теңіз түбіне түскені жайлы тұжырымға келеді. Бірақ та, Библияда, құдай Соддам мен Гонарға күкірт пен отты жауын сияқты жаудырды, дейді.
И.А. Крывелев: «Бұл хабарға сәйкес ең алдымен вулкан жарылып болған деген гипотезаны келтіруге болады, алайда көрсетілген аймақта вулкан іздері мүлдем кездеспейді» – деп жазады. Сондықтан да екі палестиналық қалаларды вулканды өңірден іздеу керек.
Египеттегі Израильдіктердің тұтқындары. Египетте жүйелік қазба жұмыстарының басталуы, келесі кезекте библияның баяндамасы, израильдіктердің Егтпетте тұтқында болуы мәселесі туады. Осы бағытта белсенді іздеу жұмыстарын 1837 жылы американ ғалымы Робинсон бастады. Бір жарым ғасырға созылған зерттеу сәтсіз аяқталады. Египтолог Вильгельм Шпигельберг: «Археология и вообще историческая наука не находят никаких подтверждений для библейской легенды о пребывании ереев в Египетском рабстве» – деген пікірін ұсынады. Егерде бұл оқиғаны Египет тарихының ең аз материалы бар кезеңге, яғни 1730 -1580 жылдар аралығы, жатқызуға болады. Бірақ еврейлердің тұтқында болуы 150 жылға емес, 430 жылға созылды, сондықтан қалай алғанда да түсінікке сыймас құбылыс.
Дәстүр бойынша израильдіктерге ғана тән жерлеу әдісі болуы қажет. Ал бұл тараптан 400 жыл ішінде көлемді молалар орны табылуы керек еді. Бірақ олай болмады. Оны еврейлердің Египетке келгеннен кейін, тез арада бұл елдің тұрмысын, салт-дәстүрін қабылдауымен түсіндіруге болады, сонда да діни және жерлеу әдісінің ерекшелігінің ұмытылуы мүмкін емес.
Тағы бір пікір бойынша табылған Египет папирустарындағы мәтін библияға өте ұқсас екенін айтады. Неміс библисті Антон Иирку салыстыра келе мағынасы жағынан бірдей, мүмкін бірінен – бірі алынған дейді. Дәл осы жерде кімнен – кім алды деген сұрақ туады. Егерде египеттіктер б.э.д. ХҮ ғасырда Давид псалмасы болса, онда библиялық хронологияға шектеу қойғандық болып табылады. Д. Менделхолл жаңа тұжырымына сәйкес Израиль жерінен идеологиясы кейін келе ортақ болып кеткен этникалық жағынан әр түрлі тайпалар одағы ішкі күрес нәтижесінде Египетке қашып келген дейді.
Египет жеріндегі патриарх. «Бытие» бөлімінде Авраам мен Иаков өз өмірлерінің бір бөлігін Месопотамиядағы аштықтан қорғау үшін Египетке келіп перғауынмен жақын қарым-қатынаста болғаны баяндалады. Әрине, Авраамның Египетке сапары египет ескерткіштерінде сақталынып қалуы міндетті еді. ХХ ғасырдың 20 – жылдары неміс археологы Шофер Луксорда «Тексты Проклятий» атты жазбаны табады. Мүсіндерде, сынған қуыстарда, құрылыс қабырғаларында Египетке жау болып келетін патшалар есімдері жазылған. Алайда Авраам, оның ұрпақтары жайлы ешқандай мәлімет жоқ. 1890 жылы ағылшын археологы Перси Ньюберри Бени-Хасан мазарында ірі египет шенеулігі Хнумхотеп жанынан әр түрлі түске боялған фреска табады. Онда әйел, ер адамдар және балалар бейнесі көрініп, санын 37 деп анықтаған. «Ибша» адам есімі кездеседі. Сондықтан да қазіргі күні сол 37 адам Авраам және оның ұрпақтары деп келеді.
Библиялық қала-Ур. ХХ ғасырдың 20 -жылдары Леонард Вулли Оңтүстік Месопотамияда Муккайяр төбесінен қала орна қазылған. Бұл жерді Л. Вулли Авраамның Отаны-Ур қаласы деп жариялады. Пікірдің шындыққа сай келуі қаладан Авраам жайлы мәлімет табылуы керек еді. Бірақ олай болмады. Жағдайды Авраам Урда өмірінің соңына дейін емес, басқа жаққа кетіп қалды дейді. Бытиенің ХІҮ бөлімі Авраамның Амрафеламен соғысы және Авраамның жеңісі туралы үзінді бар. Не болмаса осы жайлы мағлұмат қалу керек еді. Сөйтіп, Бытиенің ХІҮ бөлімі жұмбақ болып қалуда. Авраам Отаны- Библиялық Урды басқа жерден іщдеу дұрыс.
Моавит тасы. Библияның шындыққа сай екендігін дәлелдейтін тағы бір ескерткіш – Моавит тасы. Оның ашылуы тарихы біршама түсініксіз. 1868 жылы неміс миссионері Ф.А. Клейн Шығыстан Өлі теңізге сапарында Дибон өңірінде жазуы бар тас сынықтары жайлы ақпарат алады. Тасты тауып, ондағы жазуды көшіре сала Иерусалимге келіп, прусс консулынан тасты сатып алуға қаржы сұрайды. Дәл осы кезде тасқа француз Клермон-Ганно қызығушылық танытып, жергілікті халықтың тасқа ешкімді жолатпайтынын біледі. Дибонға ол өз агенттері Селим мен Якубты жіберіп, ескерткішті суретке түсіреді. Халық бұл киелі тасты жоғалту үшін оны алдымен қыздарып, кейін суық суға салды, нәтижесінде тас бірнеше бөлікке бөлініп қалды. Тас сынықтары Луврда, Лондонда жинақталды. Уақыт өте келе оны Луврға әкеліп жинап, оның ІХ ғасырға жататынын, сонымен бірге Моавит патшасы Меши туралы мәлімет бар екендігі анықталды. Мәтінде еврейдің Меша әскерлерімен соғысы баяндалады. Бұл оқиға Патшалықтың ІҮ кітабының ІІІ бөлігіне сәйкес келеді. Сөйтіп, Моавит тасы библия мәтіні арқылы уақыты белгіленген. Кейін Меши стелласының бірнеше көшірмесі табылып, оның фальсификаторы араб Селим болып шықты. Ал библияда тек бір ғана Моавиттік тас бар. Сондықтан да, тастың «о подлинности надписи высказывались сомнения» – сияқты пікірлер таралды. Соған қарамастан, тарихта Моавит тасын Библияда көрсетілгендей Меше патшасына жатады- деп тұжырымдайды.
Библия Израиль тарихын, қалалар мен халықтар жайлы көп мағлұматтар береді, бірақ археологиялық жағынан дәлелдеуге келгенде тығырыққа тіреледі. Мүмкін Библиялық Египет дегеніміз қазіргі күнгі Египет емес шығар, ал Ханаон-Палестина емес шығар деген күмәндар еріксіз ойға келеді. Сондықтан да келесі қарытындалар шығаруға болады.
Біріншіден, Библия оқиғаларының ортодоксальды уақыт пен кеңістікте шегі сенімсіз, тіпті сенімсіздік туу себебін археологиялық дерек табылмауы.
Екіншіден, христиандық діни форма 2000 жыл бұрын аяқ астынан пайда болған жоқ. Ол ұзаққа созылған эволюциялық даму процесінде туындады. Алғашқы формасы адамның басқа жәндіктен алшақтығы сияқты, қазіргі христиандықтан мүлдем өзгеше болуы әбден мүмкін.
Үшіншіден, Библияда көрсетілген жеке және географиялық атаулар дұрыс оқылмағанын, тек орта ғасыр кезеңінде ғана жалпыға бірдей дыбысталуы жарияланғанын атап өту қажет.
Төртіншіден, Библия жазбалары мен үзінділеріндегі оқиғалар орта ғасыр тарихына жатады.
Ғибадат текстері-«Өлілер кітабы».
Ежелгі Египет мәдениетіне тән ерекшеліктердің бірі- консерватизм мен дәстүрлілік. Олар әрқашан мәдениет құндылығының жүйесіне радикалды жаңалықты енгізуге қарсы тұрды. Керісінше, олардың негізгі принциптеріне бар идеяларды сақтап қалу жатты. Әсіресе, ол египеттіктердің діни көзқарастарында ерекше көзге түседі. Египеттік дін жүйесі біздің көз-қарасымызша фантастикалық, бірақ өз уақытының Ніл сағасындағы табиғи жағдайлардың спецификасын ежелгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы толығымен ашып көрсететін заңды көрінісі. Египеттіктер күнді, айды, Ніл өзенін, жабайы аңдарды, шөл даланы, табиғаттың тылсым күштерін құдай деп таныды. Олардың түсінігі бойынша құдайлар күшті әрі қатал болып келеді. Моноатеистік емес табынушылық басым бола отырып, құдайлар жергілікті және басты – египеттік болып бөлінеді. Жергілікті құдайлар қатарына номдар, ірі аймақтарда құрметтейтін құдайлар жатады. Ал басты – египеттіктер қатарына ірі ном орталығында, перғауын тағында отырған билеушілер, династияның негізін қалаған адам саналды. Мысалы, Фивы Египет астанасы болған соң, жергілікті құдайы Амон перғауын мен құдайлар патшасының қорғашысы деп есептеді. Жоғарғы құдайлар қатарына аспанда күн сәулесімен жүретін күн құдайы Ра; жаратушы құдай – Птах, өлілер мен қайта тірілудің, о дүниенің билеушісі Осирис, ақыл құдайы-Тот, махаббат, қуаныш құдайы-Хатхор, египет пантеонында ерекше орнын алады. Әсіресе билеуші перғауынның ғибадаты дінде ең маңызды рөл атқарған. Абыздар іліміне сәйкес, перғауын адам бейнесіндегі құдай, оның екі табиғаты-адами және құдайшыл деп көрсетеді. Оның өмірге келуі құдайлар әкесі Рамен, перғауынның шешесінің арасындағы киелі неке барысымен байланыстырады. Жер бетінде перғауын-құдай Хор түрінде билік етіп, өлімінен кейін, ол Осириске теңестіріліп жер асты өмірінің құдайы деп танылған.
Египеттіктердің мұндай іс-әрекетін мемлекетте монархтың деспотиялық билігін және билеуші топтың қызығушылығын көрсетеді. Адамдарды құдай тек бір мақсатпен, яғни олардың өзіне бағын үшін жаратқан. Егер де адамдар ол туралы ұмытса, ол үлкен қатал жаза тартқан. Тіпті құдайлар адам өмірін анықтап беріп отырған. Сондықтан құдай рақымшылығын алу үшін египеттіктер оларға қызмет етіп, храмдар құрылысын жүргізді. Мүсіндер жасалып, ал абыздар болса құрбан шалу барысында гимндер айтылып, діни поэзиядағы шығармаларды халыққа таратқан. Египеттік діни жүйесінде өлген адамның аруағына ғибадат жасау ерекше орын алды. Оның негізінде египеттіктердің табиғат пен адам мәнін және табиғаттың өмірді алдын – ала анықтап беруі жатыр. Көріністерге сәйкес әр адам үш негізігі субстанцияның синтезінде: 1) физикалық дене 2) рухани егізі; Ка және Ба
Егер осы үш субстанцияның бірге өмір сүруі ғана жанның мәңгі бақи екеніне және О дүниеге барғанда тірі болады екеніне әкеледі. Сондықтанда физикалық жойылуына жол бермеу үшін денені сақтап қалу мәселесі туындайды. Ал осыдан өліктерді мумиялау дәстүрі пайда болады. Тек осы жағдайда ғана адам мумиясының жанында «Ка мен Ба» болады – деді. Өлгеннен кейін адам жер бетіндегі өмірін одан әрі жалғастырады: ақсүйек ақсүйек болады, қолөнерші қолөнерші болады. Мазар қабырғалары жердегі өмірмен тұрмыс сюжеттерін бейнеледі. О дүниеде кейбір жұмыстарды орындау үшін мазарға құл, жұмысшыларының фигуралары салынады. Египеттіктер түсінігінше өлімнен кейінгі шаттықты тек қайырымды және дұрыс өмірмен емес, өлген адамның аруағына ғибадат жасаумен (мазарларды салу, мумияларды дайында, арнайы дстүрлерді өткізу) анықталады.
Египеттіктердің мұндай өмір салты жайлы деректер әдеби жанрда сақталған. Олардың қатарына «Поучение Аменемхета I», «Поучения Ахтоя», «Беседы жреца Анху сосвоим сердцерм», «Спора разочарованного сосвоей душой» сияқты дидактикалық әдебиеттер жатады. Әсіресе «Песнь Арфиста»-да өлімнен кейінгі өмірге күмән келтіріп, осы дүниеде ойнап күлуге шақырады. «Текст Саркофагов» атты әдебиет О дүние жайлы мәлімет беретін бірден-бір құнды дерек болып табылады. Бұлай аталу себебі, ағаш саркофаг қабырғаларында жазылған. Бұл үндеулер уақытымен пайда болу жері бойынша гетерогенді болып келеді. Құрамында «Тексты пирамид» үзінділерін кездестіруге болады. Екеуінде де бір мақсат –жаңа өмірге келгенде өлген адамның жағдайын көрсету, О дүниеге аттанудың алдындағы даярлық. Бірақ тек «Текст саркофагтың» «Тесты пирамиды» ерекшелігі онда үндеу египет патшаларына емес, оның керісінше бағынушыларына арналған. Сол сияқты осы жанрдағы тағы бір шығарма атауы «Книга двух путей».
Дата: 2012-04-15 Просмотров: 4953 Загрузок: 3 Язык: на казахском языке
Ваше имя:
Ваш email: